"Келинка Сабинаның" операторы төбелес шығарды – видео

© Sputnik / Абзал КалиевИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Алматыдағы сауда орталығында балалар орталығының әкімшісі мен танымал оператор Азамат Дулатов төбелесіп қалды. Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті. Полиция екі жақтан да арыз түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында төбелестің видеосы жарияланды. Онда екі ер адамның сөйлесіп тұрғанын анық көруге болады. Біреуі кенеттен жұдырығын сермеп жібереді, бірақ екіншісі артқа шегініп үлгерген. Сосын өзі қарсыласына тап беріп, бірнеше рет соққы жасайды. Сол жерде отырған адамдар араша түседі. Ал сары көйлек киген келіншек әкімшіні бірнеше рет ұрған.
Козачков видеодағы адамдардың бірі танымал оператор Азамат Дулатов екенін айтты. Ол "Құдалар", "Побег из аула", "Тараз", "Әкім", "Келинка Сабина" трилогиясын түсірген. Артынан жанжалдың себебі де белгілі болды.
Дулатовтың келіншегі (сары киім киген әйел) фуд-корттан тамақ алып, балалар орталығының үстелінде жеуге өтініш жасаған. Оған рұқсат бермеген. Бірақ әйел үстелді жинамай кеткен. Содан кикілжің туындаған.
Алматы қалалық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, осы оқиғадан кейін екі жақтан да арыз түсті. Қазіргі кезде Бостандық аудандық полиция бөлімшесі тексеріс шараларына кірісті.
"Ойын-сауық орталығы қызметкері алған дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді полицейлер.
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-1 бабы бойынша материал тіркелді. Бұл бапта ескерту немесе бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0