https://sputnik.kz/20221005/fizika-boyynsha-nobel-syylygyn-kim-algany-belgili-boldy-28197596.html
Физика бойынша Нобель сыйлығын кім алғаны белгілі болды
Физика бойынша Нобель сыйлығын кім алғаны белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Австрия, Франция және АҚШ-тың үш ғалымы жүргізген кванттық механика бойынша зерттеулер Нобель комитетінің марапатына ие болды 05.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-05T12:48+0500
2022-10-05T12:48+0500
2022-10-05T12:48+0500
ғылым
сыйлық
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/05/28190449_0:0:3070:1728_1920x0_80_0_0_83b64794da954c4a8a92c5ac3266c593.jpg
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Физика саласындағы Нобель сыйлығын үш ғалым – француз Алан Аспе, америкалық Джон Клаузер және австриялық Антон Цайлингер бөлісті. Бұл туралы кеше Нобель комитеті хабарлады. Мекемеде атап өткендей, физиктер, бұл сыйлықты "шатасқан фотондармен жүргізілген эксперименттер, Белл теңсіздіктерінің бұзылуын анықтағаны және кванттық информатикадағы новаторлық үшін" алды. Новаторлық эксперименттерді пайдалана отырып, ғалымдар шатасқан күйдегі бөлшектерді зерттеу және бақылау мүмкіндігін көрсетті. Шатасқан жұптағы бір бөлшекпен не болатыны екінші бөлшек бір-біріне әсер ету аумағынан тым алыс болса оның қандай күйде болатынын анықтайды. Лауреаттардың эксперименттік құралдарды дайындауы кванттық технологиялардың жаңа дәуірінің негізін қалады, деп атап өтті комитеттегілер. Лауреаттардың бірі Джон Клаузер фотондармен тәжірибе жүргізді. Алан Аспе америкалық әріптесінің зерттеулеріндегі олқылықтарды жойды. Үшінші лауреат Антон Цайлингер "шатасқан кванттық күйлерді" зерттеді. Оның зерттеу нәтижелерінің бірі "кванттық телепортация" деп аталатын құбылыс болды. Бұл кезде кванттық күй қашықтықта бір бөлшектен екіншісіне ауысады. Ғалымдар триосы 2010 жылы физика саласындағы ең беделді марапаттардың бірі – Вольф сыйлығын алды. Бұл марапатты кейде Нобель сыйлығын алуға апаратын "есік" деп атайды. Өткен жылы физика бойынша сыйлық климаттың өзгеруін зерттеумен айналысатын бір топ ғалымға берілді. Фантастика әлеміндегі телепортация Марапаттаудан кейінгі баспасөз конференциясында Антон Цайлингер кванттық физикадағы жетістіктер адамдарға бірден ғарыш арқылы орын ауыстыруға мүмкіндік бермейтінін атап өтті. "Бөлшектердің шатасу құбылысын қолданудың арқасында нысан тасымалдайтын барлық ақпаратты ол қайта орналасатын басқа жерге жолдауға болады. Бірақ қазіргі уақытта мұны үлкен физикалық денелерге қатысты қолдану мүмкін емес", - деді ғалым. Сонымен қатар, Цайлингер бүгінгі күні зерттеушілер тек ұсақ бөлшектердің қозғалысына қол жеткізгенін айтты. Сондықтан адамдарды телепортациялау мәселесі "әлі де көп жыл бұрынғыдай ғылым емес, ғылыми фантастика саласында жатқанын" жеткізді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/05/28190449_339:0:3070:2048_1920x0_80_0_0_f2d3ed7dc8482bb6dfe16b5e47fe5a8e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ғылым, сыйлық
Физика бойынша Нобель сыйлығын кім алғаны белгілі болды
Австрия, Франция және АҚШ-тың үш ғалымы жүргізген кванттық механика бойынша зерттеулер Нобель комитетінің марапатына ие болды
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Физика саласындағы Нобель сыйлығын үш ғалым – француз Алан Аспе, америкалық Джон Клаузер және австриялық Антон Цайлингер бөлісті. Бұл туралы кеше Нобель комитеті хабарлады.
Мекемеде атап өткендей, физиктер, бұл сыйлықты "шатасқан фотондармен жүргізілген эксперименттер, Белл теңсіздіктерінің бұзылуын анықтағаны және кванттық информатикадағы новаторлық үшін" алды.
Новаторлық эксперименттерді пайдалана отырып, ғалымдар шатасқан күйдегі бөлшектерді зерттеу және бақылау мүмкіндігін көрсетті. Шатасқан жұптағы бір бөлшекпен не болатыны екінші бөлшек бір-біріне әсер ету аумағынан тым алыс болса оның қандай күйде болатынын анықтайды.
Лауреаттардың эксперименттік құралдарды дайындауы кванттық технологиялардың жаңа дәуірінің негізін қалады, деп атап өтті комитеттегілер. Лауреаттардың бірі Джон Клаузер фотондармен тәжірибе жүргізді.
Алан Аспе америкалық әріптесінің зерттеулеріндегі олқылықтарды жойды. Үшінші лауреат Антон Цайлингер "шатасқан кванттық күйлерді" зерттеді. Оның зерттеу нәтижелерінің бірі "кванттық телепортация" деп аталатын құбылыс болды. Бұл кезде кванттық күй қашықтықта бір бөлшектен екіншісіне ауысады.
Ғалымдар триосы 2010 жылы физика саласындағы ең беделді марапаттардың бірі – Вольф сыйлығын алды. Бұл марапатты кейде Нобель сыйлығын алуға апаратын "есік" деп атайды.
Өткен жылы физика бойынша сыйлық климаттың өзгеруін зерттеумен айналысатын бір топ ғалымға берілді.
Фантастика әлеміндегі телепортация
Марапаттаудан кейінгі баспасөз конференциясында Антон Цайлингер кванттық физикадағы жетістіктер адамдарға бірден ғарыш арқылы орын ауыстыруға мүмкіндік бермейтінін атап өтті.
"Бөлшектердің шатасу құбылысын қолданудың арқасында нысан тасымалдайтын барлық ақпаратты ол қайта орналасатын басқа жерге жолдауға болады. Бірақ қазіргі уақытта мұны үлкен физикалық денелерге қатысты қолдану мүмкін емес", - деді ғалым.
Сонымен қатар, Цайлингер бүгінгі күні зерттеушілер тек ұсақ бөлшектердің қозғалысына қол жеткізгенін айтты. Сондықтан адамдарды телепортациялау мәселесі "әлі де көп жыл бұрынғыдай ғылым емес, ғылыми фантастика саласында жатқанын" жеткізді.