https://sputnik.kz/20221005/biyl-respublikalyq-manyzy-bar-zholdarga-3-mln-tonnadan-astam-asfalt-toseldi-28205542.html
Биыл республикалық маңызы бар жолдарға 3 млн тоннадан астам асфальт төселді
Биыл республикалық маңызы бар жолдарға 3 млн тоннадан астам асфальт төселді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қазан-Sputnik. Биылғы жол құрылысы маусымы аясында республикалық маңызы бар жолдарға 3 млн тоннадан астам асфальтбетон жабыны төселді, деп хабарлайды... 05.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-05T13:49+0500
2022-10-05T13:49+0500
2022-10-05T13:49+0500
жол
асфальт
https://sputnik.kz/img/07e5/04/07/16722626_0:97:3297:1952_1920x0_80_0_0_baf70538da7d2dea6a9b65b59491907f.jpg
АСТАНА, 5 қазан-Sputnik. Биылғы жол құрылысы маусымы аясында республикалық маңызы бар жолдарға 3 млн тоннадан астам асфальтбетон жабыны төселді, деп хабарлайды Қазавтожол.Сонымен қатар 18 көпір, 6 мал өткелі, 325 су өткізгіш құбыр салынды, деп хабарлайды ведомоство. Құрылыс-монтаждау жұмыстары "Қарағанды-Балқаш-Алматы", “Меркі-Бұрылбайтал”, "Талдықорған-Қалбатау-Өскемен", "Қалбатау-Майқапшағай", "Атырау-Астрахань", "Ақтөбе-Қандыағаш", "Өнеге-Бисен-Сайхин" және т. б. күре жолдарда жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 200-ге жуық учаске құрылыс жұмыстарымен қамтылып отыр. Жалпы республикалық маңызы бар 7 мың шақырымға жуық жол құрылыс жұмыстарымен қамтылды. Оның ішінде 4 мың шақырым күре жолда қайта жаңарту жұмыстары жүргізілсе, қалған 3 мың шақырым тас жолда орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жол құрылысына 7 мыңнан астам маман мен 5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Жол құрылысы маусымы аясындағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/07/16722626_283:0:3014:2048_1920x0_80_0_0_f9acc6de4287eea3229fe7ddb258740d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол, асфальт
Биыл республикалық маңызы бар жолдарға 3 млн тоннадан астам асфальт төселді
АСТАНА, 5 қазан-Sputnik. Биылғы жол құрылысы маусымы аясында республикалық маңызы бар жолдарға 3 млн тоннадан астам асфальтбетон жабыны төселді, деп хабарлайды Қазавтожол.
Сонымен қатар 18 көпір, 6 мал өткелі, 325 су өткізгіш құбыр салынды, деп хабарлайды ведомоство.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары "Қарағанды-Балқаш-Алматы", “Меркі-Бұрылбайтал”, "Талдықорған-Қалбатау-Өскемен", "Қалбатау-Майқапшағай", "Атырау-Астрахань", "Ақтөбе-Қандыағаш", "Өнеге-Бисен-Сайхин" және т. б. күре жолдарда жалғасып жатыр.
Бүгінгі таңда 200-ге жуық учаске құрылыс жұмыстарымен қамтылып отыр. Жалпы республикалық маңызы бар 7 мың шақырымға жуық жол құрылыс жұмыстарымен қамтылды. Оның ішінде 4 мың шақырым күре жолда қайта жаңарту жұмыстары жүргізілсе, қалған 3 мың шақырым тас жолда орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Жол құрылысына 7 мыңнан астам маман мен 5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Жол құрылысы маусымы аясындағы жұмыстар жалғасып жатыр.