Астанада "Жеті бөшке" тұрғын үй кешенінен өрт шықты – видео

© Динара ДОСМУХАМЕТОВА / ИА "Новости-Казахстан"Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Астанада "Жеті бөшке" тұрғын үй кешені ғимараттарының бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 13:34-те өрт сөндіру қызметіне Сығанақ көшесі, 23 мекенжайы бойынша орналасқан үйде өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына 5 көлікке мінген 25 өрт сөндіруші барды.
"Ғимарат пен балконның қаптамасы, сондай-ақ жылыту материалы тұтанған. 46 шаршы метр өртенді", - дейді департамент мамандары.
Тілсіз жау сағат 14:08-де ауыздықталды. Зардап шеккен және қайтыс болған адамдар жоқ. Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0