АҚШ Киев режиміне әскери көмекті азайтты

© Sputnik / Сергей Степанов / Медиабанкке өтуУчения НАТО Saber Strike 2016 в Эстонии
Учения НАТО Saber Strike 2016 в Эстонии - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2022
Жазылу
Батыс елдерінің Киев режиміне әскери көмегі біртіндеп азайып жатыр. Тіпті америкалықтар да украин армиясын қару-жарақпен қамтамасыз етуді және қаржыландыруды қысқартып жатыр. Еуропалықтар да Украинадағы әскери іс-қимыл театры үшін өздерінің экономикалық әл-ауқатын құрбан етуден бас тартты, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
АҚШ президенті Джо Байден Украинаға 625 миллион доллар көлемінде әскери көмектің жаңа траншы берілетінін мәлімдеді. Пентагон қару-жарақ тізімін жариялады: 4 дана HIMARS қондырғысы және оларға арналған оқ-дәрі; 105 миллиметр калбирлі 16 гаубица, 155 миллиметр калбирлі 16 гаубица және 75 мың снаряд (қосымша 500 дәлдігі жоғары снаряд), 120 миллиметр 30 мың мина, атыс қаруына арналған 200 мың оқ-дәрі, Claymore жаяу әскерге қарсы миналар және тағы басқа әскери техника.
Қыркүйектегі құны 1,1 миллиард доллар болатын америкалық пакетпен салыстырғанда соққы жасау қару-жарағы біршама азайған. Еске салсақ, қыркүйекте 18 дана HIMARS қондырғысын жеткізуге уәде еткен.
Жалпы алғанда, 24 ақпаннан бері АҚШ Украинадағы әскери іс-қимылға 16,8 миллиард доллардан астам қаражатты шығындады. Соның ішінде Украина Қарулы Күштеріне берілген және уәде етілген 34 дана HIMARS жүйесі де бар.
Пентагон Украинаға ATACMS зымырандары (ату қашықтығы 300 км-ге дейін) және батыстық үлгідегі танктерді жөнелтуді орынды деп қарастырмайды. Ал Украина белгілі бір деңгейде техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді талап етіп отыр. Нәтижесінде, Украина Қарулы Күштері америкалық қоймалардан және әртүрлі елдердің "кеңестік" арсеналдарынан "антиквариат" техника алып жатыр.
АҚШ Украинаға "негізгі мүмкіндіктер" беру үшін одақтастарымен және серіктестерімен бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруға ниетті. Дегенмен, НАТО-дағы еуропалық одақтастар әскери көмек көрсетуде аса белсенді емес. Қазан айының басында тек Литва, Норвегия және Франция ғана Украина Қарулы Күштеріне біршама қару-жарақ жеткізілетіні туралы хабарлады.
Еуропалық қару-жарақ тізімінде 37 дана WARMATE оқ-дәрілері (10 километрге дейінгі қашықтық), 6 дана Caesar өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы (бастапқыда Данияға арналған) және 20 дана Bastion броньдалған автомобилі бар.
Германия қорғаныс министрі Кристина Ламбрехт Украинаға уәде етілген он дана орташа қашықтықтағы IRIS-T SLM әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің біріншісін (40 километрге дейінгі қашықтықтағы әуе нысандарына соққы беруге арналған) жеткізуге уәде берді.
АҚШ-та жақында жүргізілген сауалнама америкалық сайлаушылардың 48%-і ұзақ мерзімді жаһандық экономикалық қиындықтар туындаған жағдайда Украинаға қазіргі деңгейде көмек көрсетуге біршама немесе үзілді-кесілді қарсы екенін көрсетті.
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы алғаш рет 31 триллион доллардан асты, АҚШ қарызы әлемдік ЖІӨ-нің 30%-нен астамын құрайды. Ал шамадан тыс өсім Вашингтонның мемлекеттік қарызды қайтармау ықтималдылығын көрсетеді.
Еуропаның түкпір-түкпірінде энергия бағасының өсуіне, сондай-ақ көбісі қазіргі экономикалық қиындықтардың себебі деп санайтын Ресейге қарсы санкцияларға наразылық акциялары көбейіп жатыр. Осыған байланысты New York Times ыблай деп жазды: "Ресейдің Украинадағы әскери операциясының сегізінші айында су астындағы жарылыстар ресейлік газды Германияға жеткізетін негізгі желіні зақымдады. "Солтүстік ағын - 1" газ құбыры арқылы жыл сайын 60 миллиард текше метрге жуық газ айдалып, ол Еуропадағы ең ірі экономиканы қуаттандырды".
Америкалықтардың "Солтүстік ағын" газ құбырын зақымдауы және Еуроодақта сібірлік көмірсутектерді жеткізуге тыйым салуы ешбір еуропалықтың көңілінен шықпайтыны белгілі. Қыс жақындап қалған шақта наразылықтар арта түсуі де ықтимал.
"Америкалықтардың Украина Қарулы күштерін көп миллиардтаған қаржыландыруына қарамастан, ресейлік әскер қарсыластың нысандарына жойқын соққы жасауын жалғастырып жатыр. Мысал ретінде Киев облысының Белая Церковь қаласындағы 72-ші украин механикаландырылған бригадасының өртке орануын айтуға болады", - деп жазды Хроленко.
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте бір ғана Николаев – Кривой Рог бағытында украин әскерінің 18 броньдалған жауынгерлік машинасы, екі танкі, екі өздігінен жүретін "Гвоздика" гаубицасы, екі миномёты мен 20 техникасы жойылды. Вознесенск әскери аэродромындағы "Искандер" жедел-тактикалық зымыранымен "Байрактар ​​ТБ-2" шабуылдау ұшақтары бар қойма қиратылды.
"Осы статистикаға сүйене отырып, Киев режиміне америкалық көмек пен еуропалық әскери қолдау украин әскерінің соғысу қуатын арттырмағанын көруге болады", - дейді әскери шолушы.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0