Қоғам

Алматыда АҚШ-тан пошта арқылы жеткізілген гашиш пен марихуана анықталды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуПочта
Почта - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Алматыда АҚШ-тан гашиш пен марихуана тасымалдайтын арна анықталды. Есірткіні пошта арқылы жеткізбек болған, деп хабарлайды қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен аса ірі көлемдегі есірткі заттары контрабандасының жолын кескен.
"Осы жылдың 2 қазанында Алматыда қызметтік-іздестіру итінің көмегімен жүргізілген жедел-іздеу шаралары барысында АҚШ-тан жөнелтілген пошта жеткізулерін алғаннан кейін Алматы қаласының тұрғындары ұсталып, олардан жалпы салмағы 648,98 грамм "марихуана", сондай-ақ, жалпы салмағы 675,65 грамм "гашиш" есірткі заттары анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Олар Telegram мессенджері арқылы Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлаған. Тінту барысында электронды таразылар мен есіркткіні орауға қажетті басқа да құралдар табылды.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
0