Смайылов жол ережелерін жиі бұзатын жүргізушілерге жазаны күшейтуді тапсырды

© Sputnik / Абзал КалиевЗаседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілер үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, Қазақстан жол қауіпсіздігі бойынша әлемдік рейтингте 107-ші орында тұр. Дамыған елдерге қарағанда республикада жол апаттарынан қаза табу ықтималдығы 11 есе жоғары.
"Жалпы біздің елімізде жол қауіпсіздігіне қатысты жағдай өте күрделі. Сегіз айда жол апаттарының саны 14%-ке өскен. Қаза тапқандардың саны 18%-ке көбейді. Орта есеппен жолда тәулігіне 5-6 адам қаза табады. Бұл – өте ауыр жағдай. Өкінішке қарай, бізде жүргізушілер арасында көлік жүргізу мәдениеті өте төмен", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Ол жүргізушілерді даярлау сапасы күмән тудыратынын атап өтті. Бірінші кезекте, оның пікірінше, автомектептер жұмысындағы тәсілдерді өзгерту қажет.
"Бүгінде оларды бақылап жатқан ешкім жоқ, лицензия берілмейді. Көлік жүргізуге арналған автодромдар жеткіліксіз. Әкімдіктер бұл мәселені бизнеспен бірге қарауы тиіс. Мектептерде балаларға жол жүру ережесі оқытылмайды. Автокөліктерді техникалық тексеру сапасына қатысты да сұрақтар көп", - деді премьер.
Смайылов әділет және ішкі істер министрліктеріне сапасыз жүргізушілерді даярлайтын автомектептердің жауапкершілігі мәселесін қарастыруды тапсырды. "Жол жүру ережелерін жиі бұзатын адамдарға жазаны күшейту қажет", деді үкімет басшысы.
Жаңалықтар
0