https://sputnik.kz/20221004/shymkentte-aleumettik-ortalyq-qyzmetkeri-zhuzdegen-adamdy-aldap-ketti-28155249.html
Шымкентте әлеуметтік орталық қызметкері жүздеген адамды алдап кетті
Шымкентте әлеуметтік орталық қызметкері жүздеген адамды алдап кетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Шымкент қаласында жүздеген адамды жұмыспен қамту орталығының көмекшісі алдап кетті. Директордың орынбасары да осы іске қатысы бар... 04.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-04T09:17+0500
2022-10-04T09:17+0500
2022-10-04T09:17+0500
шымкент
алаяқ
https://sputnik.kz/img/1425/48/14254818_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_f338c10eca5155647fe0a5c23b0f26ce.jpg
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Шымкент қаласында жүздеген адамды жұмыспен қамту орталығының көмекшісі алдап кетті. Директордың орынбасары да осы іске қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Astana TV.Орталықта көмекші болып істеген қыз қайтарымсыз грант пен атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеуге уәде еткен. Оған сенген адамдар кемі 500 мың, ең көбі 10 млн теңгеге дейін апарып берді. Бірақ грант та, атаулы әлеуметтік төлем де төленген жоқ. Ақшаны алды деген Әсем орталықта ассистент болып жұмыс істеген. Ол жұмыстан босатылды. Ал директордың орынбасары өз еркімен қызметінен кеткен көрінеді. Алайда алаяқтарға алданған жүздеген адам басшылықтың ештеңе білмегеніне сенбейді. Себебі атаулы әлеуметтік төлемді алу үшін директор қол қоюы керек. Орталық директоры Шахдат Әсетұлы ештеңе білмегенін айтады. Себебі атаулы әлеуметтік көмек пен қайтарымсыз грантты заңсыз жолмен алғандарға ақшаны терминал арқылы салып отырған. Ақпараттық базада ешкім тіркелмеді. "Сүтімбетованы кінәлі деп танығандықтан осындай заңсыз әрекеттер жасағанын білдік. Бұл қай уақыттан бері жасалып келе жатқанын қазір белгісіз маған. Ішкі тексеру жүргіздік. Азаматтардан жауаптарының бәрін алдық. Атаулы әлеуметтік төлем алушы азаматтардың тізімін қарағанда ешқандай азаматтар біздің ақпараттық жүйе арқылы өтпеген", - дейді Әсетұлты. Өзінің орынбасарының бұл былыққа қаншалықты қатысы бар жоғын білмеймін деп ақталды. Айгүл тамыз айынан бері жұмыста жоқ.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1425/48/14254818_425:0:1925:1125_1920x0_80_0_0_132f27661fec09af1244a17de7133341.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, алаяқ
Шымкентте әлеуметтік орталық қызметкері жүздеген адамды алдап кетті
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Шымкент қаласында жүздеген адамды жұмыспен қамту орталығының көмекшісі алдап кетті. Директордың орынбасары да осы іске қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды
Astana TV.
Орталықта көмекші болып істеген қыз қайтарымсыз грант пен атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеуге уәде еткен. Оған сенген адамдар кемі 500 мың, ең көбі 10 млн теңгеге дейін апарып берді. Бірақ грант та, атаулы әлеуметтік төлем де төленген жоқ.
"Менің туған-туысқан, кластастар, таныстар жалпы қосылып қазір 5 млн 100 мың ақша аударып беріп қойдық. Ақпан айынан мауысмы айына дейін. 500 бересің 5 млн-дық грант аласың. 150 мың бересің, 1 млн 225 мың грантты аласың, деген. Әсемнің бізден ақша алып, Айгүлге аударғаны туралы түбіртек бар. Бәрін күніне дейін салыстырып көруге болады. Әлеуметтік төлемді қалай шығарып отырғары туралы өзара хат алмасулар да бар", - дейді қала тұрғыны Гүлвира Дәулетова.
Ақшаны алды деген Әсем орталықта ассистент болып жұмыс істеген. Ол жұмыстан босатылды. Ал директордың орынбасары өз еркімен қызметінен кеткен көрінеді.
Алайда алаяқтарға алданған жүздеген адам басшылықтың ештеңе білмегеніне сенбейді. Себебі атаулы әлеуметтік төлемді алу үшін директор қол қоюы керек. Орталық директоры Шахдат Әсетұлы ештеңе білмегенін айтады. Себебі атаулы әлеуметтік көмек пен қайтарымсыз грантты заңсыз жолмен алғандарға ақшаны терминал арқылы салып отырған. Ақпараттық базада ешкім тіркелмеді.
"Сүтімбетованы кінәлі деп танығандықтан осындай заңсыз әрекеттер жасағанын білдік. Бұл қай уақыттан бері жасалып келе жатқанын қазір белгісіз маған. Ішкі тексеру жүргіздік. Азаматтардан жауаптарының бәрін алдық. Атаулы әлеуметтік төлем алушы азаматтардың тізімін қарағанда ешқандай азаматтар біздің ақпараттық жүйе арқылы өтпеген", - дейді Әсетұлты.
Өзінің орынбасарының бұл былыққа қаншалықты қатысы бар жоғын білмеймін деп ақталды. Айгүл тамыз айынан бері жұмыста жоқ.