Павлодар облысында ірі металлургиялық кластер құрылады

© РИА Новости / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Павлодар облысында ірі металлургиялық кластер құрылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының металлургиялық кластері аясындағы жобалардың алғашқысының негізін қалады.
"Mineral Product International" ЖШС истициялық жобасы жылына 160 мың тонна ферроқорытпа шығара алады. Ферроқорытпалар өндіретін кәсіпорының ерекшелігі - зиянды шығындыларды 99,7%-ға дейін тазартады. Дайын өнім Еуразиялық Одақ, Азия елдері мен АҚШ металлургиялық нарығын 100% қамтамасыз етеді. Инвестициялардың жалпы сомасы 360 млн АҚШ доллары.
"Металлургиялық кластер құрамына металды екінші қайтара өңдеу фабрикасы, феррқорытпалар мен болат өндіру кәсіпорындары кіреді. Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы 2025 жылға дейін өңдеуші өнеркәсіп көлемін 57%-ға арттыруға жағдай жасалады. Жергілікті тұрғындарға үш мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу мүмкін болады", - деді облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.
Жыл сайын 3 миллион тоннадан артық болат өнімі ішкі нарықты қамсыздандырып, сол арқылы импорт көлемін 70%-ға азайтуға жол ашылады. Компания акционері Сергей Кан айтып өткендей, Павлодар облысында металлургия саласын дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
"Мемлекет преференциялар және қажетті инфрақұрылымды тартуға мүмкіндік беру арқылы инвесторларға барынша жағдай жасап отыр, - деді акционер. – Павлодар облысын таңдау кезінде мұндағы шикізаттық база, жоғары білікті мамандар мен энергетикалық мүмкіндіктерге ерекше назар аудардық".
Жалпы, облыстағы өнеркәсіптік өнім көлемі 1,4 трлн теңгеге жеткен - бұл ҚР бойынша екінші көрсеткіш. Шикізаттық емес экспорт 1,4 есеге артып, ел көлемінде екінші орынға ие. 2025 жылға дейін жалпы сомасы 2 трлн теңгеге барлығы 143 ірі инвестжобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сол арқылы он мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Жаңалықтар
0