https://sputnik.kz/20221004/pater-bagasy-sharyqtady-ministr-zhekemenshik-zhalga-beru-qorlaryn-qurudy-usyndy-28172293.html
Пәтер бағасы шарықтады: министр жекеменшік жалға беру қорларын құруды ұсынды
Пәтер бағасы шарықтады: министр жекеменшік жалға беру қорларын құруды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Қазақстандықтар осы қорлардың акцияларын сатып алып, арендадан түсетін табыстан дивиденд алып тұра алады 04.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-04T15:35+0500
2022-10-04T15:35+0500
2022-10-04T15:35+0500
пәтер
баспана
https://sputnik.kz/img/1027/12/10271277_0:20:3072:1748_1920x0_80_0_0_ec1c5ec1506081641356788a1b26f0f9.jpg
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев арендалық пәтерлердің мәселесін шешу үшін акционерлік қоғам түрінде жекеменшік жалға беру қорларын құруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, жеке сектордағы жалға берілетін тұрғын үй нарығын ешкім реттемейді, бірақ ол әкімшілік реттеуге үзілді-кесілді қарсы.Арендалық үйлердің мәселесін шешу үшін Өскенбаев жекеменшік жалға беру қорларын құруды ұсынды."Біз инвестиция тарта алатын және пәтерді жалға беруден тұрақты табыс табатын жекеменшік арендалық тұрғын үй нарығын құру туралы өз ұсыныстарымызды әзірлеп жатырмыз. Біз бизнеспен айналыспайтын мемқызметкерлер, зейнеткерлер, дәрігерлер мен мұғалімдерге тұрғын үйді жалға беретін дәл осы акционерлік қоғамның акцияларын сатып алу құқығын бергіміз келеді. Шартты түрде айтсақ, бұл кәсіпорын жылжымайтын мүлікке ақша құйып, одан аренда ақысын алады да, ай сайын немесе тоқсан сайын адамдардың табысын қамтамасыз етеді", - деді Өскенбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.Оның айтуынша, қазақстандықтар осындай жария компанияларға ақша құяды. Олар сол ақшаға жылжымайтын мүлік сатып алып, оны кейін жалға береді. Ал азаматтарға ай сайын арендадан түсетін табыстан дивидендтер төленіп тұрады."Бұл жерде "ол үйлер жалға беріле ме?" деген басқа мәселе туындауы мүмкін. Біз бұл ретте мынадай тетік қарастырып отырмыз. Мемлекеттік арендалық тұрғын үй нарығы бар. Егер мемлекеттің көп үй салуға техникалық мүмкіндігі келмей, ал баспана кезегінде тұрғандар көп болса, онда мемлекет "кезекте тұрғандар үшін үйді мен жалға аламын" деп өзі бастамашы болуы мүмкін. Егер біз осы симбиозды сәтті өткізсек, жекеменшік жалға беру қорларына ақша құйған адамдарда тұрақты тіркелген табыс болады. Мен осы мәселені экономикалық жолмен осылай шешер едім", - деп түсіндірді ведомство басшысы.Айтуынша, әзірге бұл тек идея. Ведомство өз ұсыныстарын әзірледі, нормативтік база пысықталады. Бірақ бұл ұсынысты үкімет те, заң шығарушылар да қолдамауы мүмкін, деп ескертті Өскенбаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1027/12/10271277_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_c4fc8d7b682f9287c9db3e6915ae8ac5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пәтер, баспана
Пәтер бағасы шарықтады: министр жекеменшік жалға беру қорларын құруды ұсынды
Қазақстандықтар осы қорлардың акцияларын сатып алып, арендадан түсетін табыстан дивиденд алып тұра алады
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев арендалық пәтерлердің мәселесін шешу үшін акционерлік қоғам түрінде жекеменшік жалға беру қорларын құруды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, жеке сектордағы жалға берілетін тұрғын үй нарығын ешкім реттемейді, бірақ ол әкімшілік реттеуге үзілді-кесілді қарсы.
Арендалық үйлердің мәселесін шешу үшін Өскенбаев жекеменшік жалға беру қорларын құруды ұсынды.
"Біз инвестиция тарта алатын және пәтерді жалға беруден тұрақты табыс табатын жекеменшік арендалық тұрғын үй нарығын құру туралы өз ұсыныстарымызды әзірлеп жатырмыз. Біз бизнеспен айналыспайтын мемқызметкерлер, зейнеткерлер, дәрігерлер мен мұғалімдерге тұрғын үйді жалға беретін дәл осы акционерлік қоғамның акцияларын сатып алу құқығын бергіміз келеді. Шартты түрде айтсақ, бұл кәсіпорын жылжымайтын мүлікке ақша құйып, одан аренда ақысын алады да, ай сайын немесе тоқсан сайын адамдардың табысын қамтамасыз етеді", - деді Өскенбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қазақстандықтар осындай жария компанияларға ақша құяды. Олар сол ақшаға жылжымайтын мүлік сатып алып, оны кейін жалға береді. Ал азаматтарға ай сайын арендадан түсетін табыстан дивидендтер төленіп тұрады.
"Бұл жерде "ол үйлер жалға беріле ме?" деген басқа мәселе туындауы мүмкін. Біз бұл ретте мынадай тетік қарастырып отырмыз. Мемлекеттік арендалық тұрғын үй нарығы бар. Егер мемлекеттің көп үй салуға техникалық мүмкіндігі келмей, ал баспана кезегінде тұрғандар көп болса, онда мемлекет "кезекте тұрғандар үшін үйді мен жалға аламын" деп өзі бастамашы болуы мүмкін. Егер біз осы симбиозды сәтті өткізсек, жекеменшік жалға беру қорларына ақша құйған адамдарда тұрақты тіркелген табыс болады. Мен осы мәселені экономикалық жолмен осылай шешер едім", - деп түсіндірді ведомство басшысы.
Айтуынша, әзірге бұл тек идея. Ведомство өз ұсыныстарын әзірледі, нормативтік база пысықталады. Бірақ бұл ұсынысты үкімет те, заң шығарушылар да қолдамауы мүмкін, деп ескертті Өскенбаев.