https://sputnik.kz/20221004/en-auyr-apattar-qala-syrtyndagy-tas-zholdarda-bolady--iim-28157271.html
Ең ауыр апаттар қала сыртындағы тас жолдарда болады – ІІМ
Ең ауыр апаттар қала сыртындағы тас жолдарда болады – ІІМ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Қазақстанда адам өліміне әкеп соғатын қайғылы жол апаттарының дені қала сыртындағы тас жолдарда болады. Бұл туралы ішкі істер... 04.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-04T09:57+0500
2022-10-04T09:57+0500
2023-08-10T11:58+0500
ішкі істер министрлігі
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0f/25535323_0:150:1600:1050_1920x0_80_0_0_2b5236042f59c26a3af0307f7f3680e7.jpg
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Қазақстанда адам өліміне әкеп соғатын қайғылы жол апаттарының дені қала сыртындағы тас жолдарда болады. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сондай-ақ Жамбыл облысынан өтетін "Батыс Еуропа - Батыс Қытай", "Алматы – Ташкент"; Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан өтетін "Орал-Атырау" автожолдарындағы жағдай қиын. "Осы облыстардағы қаза болу фактілерінің 4% дәл осы учаскілерде орын алған. Негізгі себептер – қарсы бетке шығу және жылдамдықты арттыру. Мысалы, "Алматы-Екатеринбург" автожолының Жамбыл мен Қарағанды шекарасындағы учаскіде жаз мезгілінде апаттан 21 адам қаза тапты", - деді министр. Айтуынша, тек өткен демалыс күндері, яғни 1-2 қазанда 70-тен астам оқиға тіркеліп,, 21 адам қаза болды, 84 адам жарақат алды. Жамбыл облысында бір апаттан 7 адам көз жұмып, 5 адам ауруханаға жатқызылды. Қызылорда облысында автокөліктің автобуспен соғысуы салдарынан бес адам ажал құшты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0f/25535323_0:0:1600:1200_1920x0_80_0_0_9fb37a52331adc3aeeb721e016dccd4b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішкі істер министрлігі, жол апаты
ішкі істер министрлігі, жол апаты
Ең ауыр апаттар қала сыртындағы тас жолдарда болады – ІІМ
09:57 04.10.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Қазақстанда адам өліміне әкеп соғатын қайғылы жол апаттарының дені қала сыртындағы тас жолдарда болады. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ең ауыр апаттар қала сыртындағы трассаларда болады. Онда қаза болу фактілері 69% құрайды (1 018 адам). Әсіресе бұл көрсеткіш Жамбыл (91%), Солтүстік Қазақстан (88%), Жетісу (86%), Алматы (83%), Атырау (81%), Ақмола (80%), Түркістан (72%), Павлодар (70%), Қызылорда (70%) облыстарында жоғары", - деді Ахметжанов үкімет отырысында.
Сондай-ақ Жамбыл облысынан өтетін "Батыс Еуропа - Батыс Қытай", "Алматы – Ташкент"; Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан өтетін "Орал-Атырау" автожолдарындағы жағдай қиын.
"Осы облыстардағы қаза болу фактілерінің 4% дәл осы учаскілерде орын алған. Негізгі себептер – қарсы бетке шығу және жылдамдықты арттыру. Мысалы, "Алматы-Екатеринбург" автожолының Жамбыл мен Қарағанды шекарасындағы учаскіде жаз мезгілінде апаттан 21 адам қаза тапты", - деді министр.
Айтуынша, тек өткен демалыс күндері, яғни 1-2 қазанда 70-тен астам оқиға тіркеліп,, 21 адам қаза болды, 84 адам жарақат алды. Жамбыл облысында бір апаттан 7 адам көз жұмып, 5 адам ауруханаға жатқызылды. Қызылорда облысында автокөліктің автобуспен соғысуы салдарынан бес адам ажал құшты.