АҚШ "Солтүстік ағын" газ құбырының тағдырына қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуОткрытие газопровода "Северный поток"
Открытие газопровода Северный поток - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2022
Жазылу
"Солтүстік ағын" газ құбырындағы жарылыс төңірегіндегі жағдай ушығып барады. Кремль диверсияға АҚШ-ты айыптаса, Еуропа Мәскеуді кінәлап отыр. Ал әскери аналитиктер бұл оқиғаға қатысты өз нұсқаларын ұсынды, деп жазды РИА Новости.
Америкалық The Times газеті Мәскеу энергетикалық дағдарыс кезінде Еуропада тұрақсыздық тудыруға тырысты деп жазды. Алайда, журналистер газ жеткізуді тоқтату үшін ресейліктерге өз құбырларын өздері жарудың не қажеті болғанын тарқатып түсіндірмеген.
Аналитиктер де осыны айтады. Мысалы, швейцариялық барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Жак Бо Radio Courtoisie басылымына берген сұхбатында газсыз Кремльде Германияға "қысым көрсету құралы болмай қалатынын" айтты. Оның үстіне, Ресей құрылысын жүргізген бұл қос газ құбырының құны бірнеше миллиард долларды құрайды.
Сарапшылардың пікірінше, құбырларға торпеда бағыттаған "ресейлік сүңгуір қайықтар" туралы болжам да шындыққа жанаспайды. Жарылыс Дания аймақтық суларындағы Борнхольм аралының жанында болған. Ол жақта натолық суасты бақылау станциялары орналасқан. Осы тектес аппаратура Балтық теңізінің басқа да аймақтарында бар. НАТО елдерінің әскерилері акваторияны тәулік бойы бақылап, ондағы әрбір іс-қимылдан хабардар болып отырады.
Ресейлік субмарина, батискаф немесе дрон көзге түспестен газ құбырларының аймағына өте алмас еді. Сондай-ақ, бұл аудандағы теңіз аса терең емес – шамамен 8 метр. Сондықтан суасты аппаратын қайыққа қарсы ұшақтар арқылы тез-ақ анықтауға болады. Ал Балтық флотының қарулануында жалғыз сүңгуір қайық – 877 "Палтус" жобасының "Дмитров" дизель-электрлі суасты қайығы бар. Бұл субмариналар диверсия жасауға арналмаған.
Ресей Әскери-теңіз флотының Балтықта үш ғанабазасы бар – Калининградта, Балтықта және Кронштадта. Олар Польша (Гдыня мен Свиноусьце порттары), Германия (Варнемюнде, Киль және Эккернферде базалары), Дания (Фредериксхавн және Корсер базалары), сондай-ақ НАТО-ның жаңа мүшелері – Финляндия мен Швециядан ұшып шығуы мүмкін америкалық "Посейдондардың" тұрақты бақылауында тұр.
"Ресей билігі бұл жарылыстарға америкалықтарды кінәлап отыр. Ресейлік сыртқы істер министрлігі атап өткендей, Вашингтон экономикалық себептерді басшылыққа алып отыр. Өйткені, мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Еуропа елдерінің ресейлік газдан бас тартуын АҚШ үшін "үлкен стратегиялық мүмкіндік" деп атады.
Америкалық саясаттанушы Сергей Судаков:
"Сол кезде 1970 жылдары мұхиттың арғы жағында КСРО мен Германияның экономикалық жақындасуына жол бермеу туралы стратегия жасалды. Бұл ұстаным әлі де өзгермеген секілді. Неміс технологиясы мен ресейлік ресурстың үйлесімі Вашингтон үшін өте үлкен үрей тудырады. Арзан энергия көздері жоқ Германия Еуроодақтың басты локомотиві рөлін атқармайтыны белгілі болды. Вашингтон Берлинді әлсірету арқылы экономикалық бәсекелесті жояды", - дейді америкатанушы саясаттанушы Сергей Судаков.
Судаковтың айтуынша, АҚШ-та өндірілетін сұйытылған табиғи газға ЕО елдерін тарту басты мақсат болып отыр. Ол ресейлік газдан әлдеқайда қымбат, бірақ еуропалықтардың басқа таңдауы болмай қалады.
"Америкалықтар мен олардың ең жақын одақтастары – британиялықтардың мұндай диверсияны жүзеге асыруға техникалық мүмкіндіктері бар. АҚШ-тың алтыншы флоты жаз бойы Балтық жағалауында болды. Ол жақта негізінен теңіз түбінде нысандарды миналардан тазарту әрекеті пысықталды. Миналардан тазарту үшін алдымен миналарды орналастыру керек. Бұл мәселеде қиындық туындамаған секілді", - дейді сарапшы.
НАТО қарулануында жарылғыш зат орналастыруға қабілетті автоматты суасты роботтары бар. Ал құбырлар орналасқан тереңдік бұл әрекетті әскери сүңгуірлерге де орындауға мүмкіндік береді.
Осы тектес оқиға бұған дейін де болған. 1982 жылдың жазында Уренгой – Сургут – Челябі газ құбырында жарылыс болды. КСРО-ға жылына сегіз миллиард долларға дейін табыс әкелеуі тиіс инфрақұрылымға үлкен зақым келтірілді. АҚШ Ұлттық әскери-ғарыш барлау басқармасының бұрынғы директоры Томас Ридтің айтуынша, бұл диверсияны америкалық Орталық барлау қызметі ұйымдастырған. Арнайы қызмет құбырдың жұмысына жауапты компьютерлерге зиян келтірген.
"Бір жылдан кейін АҚШ Никарагуаға бір топ әскери сүңгуірлерді жіберіп, елдің экономикасына нұқсан келтіруге тырысты. Жүзушілер алдымен Коринто портындағы бүкіл елді қуаттандырып отырған мұнай қоймаларын қиратты. Содан кейін Пуэрто-Сандинодағы ең маңызды құбырды зақымдады. Одан соң арнайы қызмет агенттері танкерлерді өткізбеу үшін аймақтық суларды миналады", - деп жазылған мақалада.
1984 жылы бұл оқиға баспасөзге тараған кезде Манагуа БҰҰ Халықаралық сотына жүгінді. Арбитраж Вашингтонды кінәлі деп тауып, шығынды өтеуге міндеттеді. Алайда АҚШ тиісті резолюцияны бұғаттап тастады. Бұл диверсия үшін ешкім ешқашан жауап бермеді.
Жаңалықтар
0