Алматыда салмағы 5 келіден асатын сәби дүниеге келді

© Photo : pixabay.comНожка младенца, иллюстративное фото
Ножка младенца, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2022
Жазылу
2 қалалық перзентханада салмағы 5 келіден асатын сәби осымен екінші рет дүниеге келіп отыр
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Алматыда салмағы бес келіден асатын сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 32 жастағы әйел салмағы 5 328 грамм, бойы 60 сантиметр нәресте дүниеге келді.
Әйел бұл өзінің үшінші перзенті екенін айтты. Бірақ ол баланың салмағы үлкен болады деп күтпеген. Бұған дейін жүргізілген ультрадыбыстық зерттеуде сәбидің салмағы 3500-3800 грамм екені анықталған.
"Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Сонымен қатар, әйел еш қиындықсыз босанды. Қазіргі уақытта анасы мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы, олар үйлеріне шығарылды. Ол перзентханада үш күн жатты", – дейді бас дәрігер орынбасарының міндетін атқарушы Гүлнәр Күренова.
Еске салсақ, 2 қалалық перзентханада осымен екінші рет салмағы 5 келіден асатын сәби дүниеге келіп отыр. Мамыр айында перзентхана қызметкерлері салмағы 6 020 грамм қыз баланың дүниеге келуіне атсалысқан болатын.
Жаңалықтар
0