ҰҚШҰ Ресей-Украина қақтығысына қатыспайды – СІМ

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ресей мен Украина арасындағы жағдайға араласпайды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Смадияров Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендігі теңдігі және халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысына сәйкес, бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын ұстанатынын тағы бір мәрте атап өтті.
"Тұтастай алғанда, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жауапкершілік аймағы ұйымға мүше мемлекеттердің халықаралық танылған аумақтарымен нақты белгіленген және ұжымдық қауіпсіздік осы аумақтар шеңберінде қамтамасыз етіледі. Осылайша ҰҚШҰ-ның Ресей-Украина қақтығыс аймағына қатысу мәселесі күн тәртібінде жоқ", - деді ол сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.
Жаңалықтар
0