https://sputnik.kz/20221003/reseyde-zhurgen-qazaqstandyq-askerge-shaqyru-aldy--sim-tusinikteme-berdi-28146188.html
Ресейде жүрген қазақстандық әскерге шақыру алды – СІМ түсініктеме берді
Ресейде жүрген қазақстандық әскерге шақыру алды – СІМ түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ресейде жүрген қазақстандықтарға мобилизацияға шақыру қағазының келуіне қатысты түсініктеме... 03.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-03T16:17+0500
2022-10-03T16:17+0500
2022-10-03T16:19+0500
қазақстан азаматы
https://sputnik.kz/img/983/68/9836877_83:0:2183:1181_1920x0_80_0_0_02e8d13c241a269e5bf72ba777800f48.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ресейде жүрген қазақстандықтарға мобилизацияға шақыру қағазының келуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін 47news.ru сайты Петербургте тұратын Қазақстан азаматына әскерге шақыру қағазы келгенін жазған болатын. Қазақстандықтың Ресейде тұруға ықтиярхаты бар.Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі осы жағдайға түсініктеме берді. Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, базадан қателік кеткен болуы мүмкін."Әрине, базаларда мұндай сәйкессіздік болып тұрады. Егер Ресей аумағында жүрген азамат тұруға ықтиярхат алса, оның Қазақстан азаматтығы қала береді. Өйткені тұруға ықтиярхат – азаматтық емес. Базадан қателік кеткен шығар", - деді ол сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.Смадияров мұндай жағдайға тап болған қазақстандықтарға әскери комиссариатқа барып, өз құжатын көрсетуге немесе Қазақстан елшілігіне жүгінуге кеңес берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/983/68/9836877_526:0:2101:1181_1920x0_80_0_0_46e1977dbc312939ab27632d5b6919ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан азаматы
Ресейде жүрген қазақстандық әскерге шақыру алды – СІМ түсініктеме берді
16:17 03.10.2022 (жаңартылды: 16:19 03.10.2022) АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ресейде жүрген қазақстандықтарға мобилизацияға шақыру қағазының келуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін 47news.ru
сайты Петербургте тұратын Қазақстан азаматына әскерге шақыру қағазы келгенін жазған болатын. Қазақстандықтың Ресейде тұруға ықтиярхаты бар.
Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі осы жағдайға түсініктеме берді. Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, базадан қателік кеткен болуы мүмкін.
"Әрине, базаларда мұндай сәйкессіздік болып тұрады. Егер Ресей аумағында жүрген азамат тұруға ықтиярхат алса, оның Қазақстан азаматтығы қала береді. Өйткені тұруға ықтиярхат – азаматтық емес. Базадан қателік кеткен шығар", - деді ол сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.
Смадияров мұндай жағдайға тап болған қазақстандықтарға әскери комиссариатқа барып, өз құжатын көрсетуге немесе Қазақстан елшілігіне жүгінуге кеңес берді.