Қыркүйекте жылдық инфляция 17,7% болды – Ұлттық статистика бюросы

© Photo : Pixabay / EdarКалькулятор, архивтегі фото
Калькулятор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қазақстанда қыркүйектің қорытындысы бойынша жылдық инфляция 17,7% болды, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Ведомство тамыз айында бұл көрсеткіш 16,1% болғанын еске салды.
"2022 жылдың қыркүйегінде инфляция 2021 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 17,7%-ды құрады", - делінген бюроның сайтында.
Ведомствоның мәліметінше, қыркүйекте азық-түлік тауарлары бір жылда 22,2%-ға, азық-түлік емес тауарлар 17%-ға, қызметтер 12,3%-ға қымбаттады.
2021 жылы Қазақстанда инфляция 8,4 пайыз болды. Қыркүйек айында еліміздің Ұлттық банкі инфляция болжамын осы жылдың соңына қарай 16-18%-ға дейін төмендетті, деп еске салды бюро.
Сонымен бірге ведомств мамандарының болжамы бойынша 2023 жылы ол біртіндеп 7,5-9,5%-ға дейін баяулайды, ал жаңа сыртқы және ішкі шок болмаған жағдайда 2024 жылы ол 5,5-7,5% аралығында болады.
Жаңалықтар
0