"Қазпоштаға" жаңа басшы тағайындалды
13:15 03.10.2022 (жаңартылды: 13:19 03.10.2022)
© Photo : "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіӘсел Жанасова
© Photo : "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі
Жазылу
АСТАНА, 3 қазан - Sputnik. "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімімен "Қазпошта" АҚ басқармасының төрағасы болып Әсел Жанасова тағайындалды.
"Әсел Жанасова 2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі тағайындалуына дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды. Сауданы цифрландыру, төлем жүйелерін дамыту және цифрлық банкинг саласындағы жобаларға жетекшілік етті", - делінген хабарламада.
Әсел Жанасова туралы не белгілі?
2010 жылы "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университетінде информатика саласындағы бакалавр дәрежесін алды. 2014 жылы Кембридж университетінің магистратурасын, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Executive Management" бағдарламасы бойынша бітірген.
2010-2014 жылдары - Лондон қаласындағы Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясының ақпарат технологиялары қауіпсіздігі департаментінің директоры;
2014-2016 жылдары - Ұлттық банктің "Банк сервисі бюросы" РМК директорының кеңесшісі; цифрлық технологиялар департаментінің директорының орынбасары;
2016-2017 жылдары - "Зерде" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы;
2017-2018 жылдары - "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) басқарушысының кеңесшісі;
2018-2020 жылдары - АХҚО цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарды.
2019 жылы "Қазақстанның 100 жаңа есімі " жобасының жеңімпазы атанған.