Қазақстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі басталды

© Photo : Объединенный пресс-центр учений ОДКБ Коллективные силы ОДКБ направляются в Казахстан для участия в совместных учениях
Коллективные силы ОДКБ направляются в Казахстан для участия в совместных учениях - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. 3-7 қазан аралығында Қазақстанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі өтеді, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Оқу-жаттығудың салтанатты ашылуына ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Тахир Хайруллоев, ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров, жаттығуға қатысушы елдер қарулы күштерінің өкілдері қатысты.
"Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы елдері стратегиялық әріптестер мен одақтастар болып табылады және алдағы оқу-жаттығулар әскери қызметкерлердің жауынгерлік шеберлігін және ұжымдық күштер бөлімшелерінің үйлесімділігін жетілдіру құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар тиімді халықаралық әскери ынтымақтастықтың, тәжірибе алмасу бағытында табысқа жетудің үлгісі болады", - деді қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов.
Ол оқу-жаттығуларға қатысушыларды құттықтай отырып, ұйымның өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі және қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшілерінің кәсібилігін арттырудағы маңыздылығын атап өтті.
Айта кетсек, 26 қыркүйектен 13 қазанға дейін Қазақстан аумағында ҰҚШҰ Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің қатысуымен "Өзара іс-қимыл-2022" командалық-штабтық оқу-жаттығулары, барлау күштері мен құралдарымен "Іздеу-2022" және ҰҚШҰ әскерлерін (ұжымдық күштерін) материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің қатысуымен "Эшелон-2022" арнайы оқу-жаттығулары өткізіледі.
Оқу-жаттығулардың белсенді кезеңі Матыбұлақ полигонында 7 қазанға дейін жалғасады. Жаттығуларға 6500-ден астам адам, 850-ден астам әскери және арнайы техника, оның ішінде ұшақтар, тікұшақтар және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0