Қазақстан мен Малайзия арасында тікелей әуе рейсі ашылады

© Photo : PixabayВид из окна самолета, крыло самолета. Архивное фото
Вид из окна самолета, крыло самолета. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Малайзия арасында тікелей әуе рейсі ашылады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық билік өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Басқосуға Малайзия тарапынан көлік министрлігі өкілдері, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі лоукостер "Air Asia" және "Malaysia Airlines" басшылары қатысты.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Малайзия арасындағы тікелей әуе қатынасын жаңарту мәселелерін талқылады.
Айта кетері, 2019 жылы пандемия алдында азаматтық авиация комитеті "Air Asia" әуе компаниясының Қазақстанға рейстерін ашу бойынша жұмыс жүргізген болатын. Алайда ол карантиндік шектеулерге байланысты тоқтатылды.
Қазақстандық тарап "ашық аспан" режимін пайдалануды ұсынып отыр.
"Air Asia" әуе компаниясы басшылығының ақпараты бойынша Куала-Лумпурдан Қазақстанға рейстерді 2023 жылы іске қосу жоспарланған. Олар одан әрі қарай басқа елдерге ұшады.
Тікелей рейсті іске қосудың техникалық мәселелерін пысықтау үшін биыл қазан айында "Air Asia" әуе компаниясының атқарушы директоры Қазақстанға арнайы сапармен келеді.
Жаңалықтар
0