Полиглот министрлер рейтингі жарияланды: көш бастап тұрған кім

© Sputnik / Ирина Семибратовае фото
е фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Жазылу
НовостиTelegram
Қазақстандағы 19 министрдің 12-сі ағылшын тілін біледі
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Тілдерді меңгеру деңгейі бойынша Қазақстандағы министрлер рейтингі анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ranking.kz мәліметінше, биыл полиглоттар көшін ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат бастап тұр. Министр жеті тілді – қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын тілдерін меңгерген.
Екінші орында бес тілде сөйлей алатын сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тұр.
Үздік үштікті елдегі ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тұйықтап тұр. Бұл министрлердің әрқайсысы төрт тілді жетік меңгерген.
Дегенмен, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова төрт тілді меңгергенімен, олардың арасында қазақ тілі жоқ екенін ескеру керек (Дүйсенова ана тілінде еркін сөйлейді, ред.)
Мемлекеттік тілді білмейтіндер қатарында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин тұр.
Қазақстандағы 19 министрдің 12-сі ағылшын тілін біледі. Жалпы, Қазақстан Республикасында бұл тілді меңгеру деңгейі өте төмен. Осылайша, EF EPI 2021 рейтингінде Қазақстан тізімнің аяқ жағына жайғасты: әлемдегі 112 елдің ішінде 96-шы орында тұр. Қазақстан ағылшын тілін өте төмен деңгейде меңгерген елдер қатарына жатқызылды. Индекс 426-ны құрады.
ТМД елдері арасында ағылшын тілін орташа деңгейде меңгерген елдер қатарында Молдова, Беларусь, Украина* және Ресей, ал осы тілді меңгеру деңгейі төмен елдер қатарында Армения мен Әзербайжан бар.
Басқа ТМД елдері ағылшын тілін меңгерудің өте төмен деңгейін көрсетті, олардың ішінде Өзбекстан Қазақстаннан бір саты жоғары, ал Қырғызстан мен Тәжікстан біздің елден кейін тұр.
Бұл рейтингте Еуропа елдері – Нидерланды, Австрия және Дания көш бастап тұр. Ең соңғы орында Йемен орналасты.
* ТМД-да бірқатар себепке байланысты Украина мәртебесі даулы сипатта тұр.
Жаңалықтар
0