Павлодар тұрғыны көйлегі кір болып қалғаны үшін полиция шақырды

© Sputnik / Абзал КалиевПолицей формасы
Полицей формасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Павлодарлық әйел көйлегі кір болып қалғаны үшін полиция шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қазанда қалалық "102" нөміріне әйел қоңырау шалып, полиция қызметкерлерін шұғыл түрде жіберуді өтінген. Ол істің өте маңызды және бір минут та күтуге болмайтынын айтқан.
Полиция қызметкерлері дереу көрсетілген сауда орталығының бутигіне келді. Оларды сатып алушы жас қыз күтіп алды. Қыз эмоцияға ерік беріп, полиция қызметкеріне сатушыға шағымданды. Шағымданушы көйлек сатып алғаннан кейін оны мейрамханаға кигені белгілі болды. Қыз тамақпен, сусынмен әбден ластанған жаңа киімді дүкенге әкеліп, сатушыға бұл жәйт көйлектің сапасыздығынан болғанын дәлелдемекші болған, сондықтан бірден ақшаны қайтаруды талап еткен.
Полицейлер мән-жайды тыңдап, жанжалдасушы тараптарға бұл жағдай ішкі істер органдарының құзыретіне кірмейтінін түсіндірді, ал өтініш берушіге осы мәселелермен айналысатын органға жүгінуге кеңес берді.
Полицияға тағы бір шақыру Естай көшесіндегі үйдің пәтерінен келіп түсті. Отбасында жанжал болған. Күйеуін қорқытуға бел буған әйел полицияға қоңырау шалған. Бірақ арыз жазудан бас тартқан.
Айта кетері, жыл басынан бері полицияға түрлі сипаттағы 77 218 қоңырау келіп түсті, оның 17 мыңға жуығы ішкі істер органдарының құзыретіне кірмейтін мәселелер.
Жаңалықтар
0