Павлодар облысында жол апатынан 1 адам қаза тауып, 5 адам ауруханаға түсті

© Sputnik / Тимур БатыршинТреснутое лобовое стекло автомобиля, архивное фото
Треснутое лобовое стекло автомобиля, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Жазылу
Зардап шеккендердің арасында бір жасар сәби бар
ПАВЛОДАР, 3 қазан – Sputnik. Павлодар облысында жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жол апаты болған. Салдарынан бір адам көз жұмып, 5 адам әртүрлі дене жарақатыман ауруханаға түсті, деп хабарлайды Павлодар облысы жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметі.
Жол апаты Павлодар мен Семей арасындағы тас жолда Шарбақты ауылынан 15 шақырым жерде болған. Оқиға болған жерге екі жедел жәрдем көлігі он минутта жеткен. Алайда зардап шеккендердердің біреуін құтқару мүмкін болмады. Ер адам дәрігерлер келгенше жан тапсырды.
Қалған бес адам Аққулы аудандық ауруханасына жеткізілді. Олар - 49 және 53 жастағы екі әйел, 40 жастағы ер адам, 19 жастағы жігіт пен бір жасар қыз.
"Аурухана қызметкерлерінің тапсырыс бергенін күтпей-ақ, екі медициналық авиация бригадасын аудан орталығына жөнелттік", – деді жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Ирина Мищенко.
Бригада мамандары зардап шеккендерге көмек көрсетіп, оларды Павлодар қаласына жеткізеді.
Жаңалықтар
0