https://sputnik.kz/20221003/oralda-bir-birimen-tobelesken-resey-azamattary-qazaqstannan-shygaryldy-28150115.html
Оралда бір-бірімен төбелескен Ресей азаматтары Қазақстаннан шығарылды
Оралда бір-бірімен төбелескен Ресей азаматтары Қазақстаннан шығарылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Оралда төбелескен Ресей азаматтары сот шешімімен елден шығарылды. 03.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-03T20:30+0500
2022-10-03T20:30+0500
2022-10-03T20:30+0500
ресей азаматтары
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_42:0:1100:595_1920x0_80_0_0_b6e314f20651fbdc34e252e06ec51848.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Оралда төбелескен Ресей азаматтары сот шешімімен елден шығарылды.Төбелес 30 қыркүйек күні Оралдағы түнгі клубтардың бірінің жанында болды.Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мас күйінде бір-бірімен төбелескен Ресей азаматтарын ұстады.Бұл факт бойынша материал жиналып, куәгерлерден жауап алынды. Жанжалға қатысушылар Абай полиция бөліміне жеткізілді.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық), 440-бабы (Қоғамдық орындарда мас күйінде болу), 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.Оралдың мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабында көзделген ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1992 және 1995 жылдары туған РФ азаматтарына 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_248:0:1041:595_1920x0_80_0_0_1140501ab4d76e5b56fa475137a5e0a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей азаматтары
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Оралда төбелескен Ресей азаматтары сот шешімімен елден шығарылды.
"Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" ҚР заңының 28-бабының негізінде Қазақстан заңнамасын бұзғаны үшін оқиғаның барлық қатысушысын республика аумағынан шығару туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Төбелес 30 қыркүйек күні Оралдағы түнгі клубтардың бірінің жанында болды.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мас күйінде бір-бірімен төбелескен Ресей азаматтарын ұстады.
Бұл факт бойынша материал жиналып, куәгерлерден жауап алынды. Жанжалға қатысушылар Абай полиция бөліміне жеткізілді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық), 440-бабы (Қоғамдық орындарда мас күйінде болу), 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Оралдың мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабында көзделген ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1992 және 1995 жылдары туған РФ азаматтарына 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.