Күн жылынады: синоптиктер алдағы үш күнге ауа райын болжады

© Photo : Pixabay / Victoria_rtРебенок на скамейке в осеннем парке под зонтом
Ребенок на скамейке в осеннем парке под зонтом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қазгидрометтің болжауынша 4-6 қазанда еліміздің басым бөлігінде күн ашық және жылы болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тек батыста және оңтүстікте таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Ауа температурасы түнде төмен болғанымен күндіз біртіндеп жылынады.
Солтүстікте сынап бағанасы 8-13 градустан 15-20 градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік аймақтарда күн 20-25 градусқа дейін ысиды. Батыста және республиканың оңтүстік-шығысында сынап бағанасы 15-23 градусқа дейін жоғарылайды. Шығыста және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарда ауа температурасы 5-13 градус шамасында болады.

Астана

4 қазан: көшпелі бұлт шығады, жауын шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 11-13 градус жылы.
5 қазан: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, ал күндіз 13-15 градус жылы болады.
6 қазан: күн ашық, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 2-7 м/с. Ауа темпетарурасы түнде 0-2, ал күндіз 15-17 грдасуқа дейін көтеріледі.

Алматы

4 қазан: жауын-шашын болмайды, секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 18-20 градусқа дейін жоғарылайды.
5-6 қазан: күн ашық, 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады, Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 17-19 градус нөлден жоғары.

Шымкент

4 қазан: күн ашық, шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 20-22 градус жылы.
5 қазан: күн ашық, желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 20-22 градус жылы болады.
6 қазан: күн ашық, солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде 5-7, күндіз 22-24 градусқа дейін көтеріледі.
Жаңалықтар
0