Газ құбырларындағы апаттың Еуропаға салдары ауқымды болады

© INA FASSBENDERДым, поднимающийся из доменной печи Schwelgern на заводе немецкого промышленного конгломерата ThyssenKrupp в Дуйсбурге, западная Германия
Дым, поднимающийся из доменной печи Schwelgern на заводе немецкого промышленного конгломерата ThyssenKrupp в Дуйсбурге, западная Германия - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Жазылу
"Солтүстік ағын" газ құбырларының жұмысындағы ақау Ресейге ауқымды шығын әкелді. Үлкен үміт артылған құны бірнеше миллиард болатын жоба ұзақ уақыт бойы қалпына келтіруге жатпайды. Геосаяси ахуалды ескерсек, оны іске қосу тіпті бірнеше жылға созылуы ықтимал. Бұл оқиғаның Еуропа үшін де салдары ауыр болатын сыңайлы, деп жазды РИА Новости.
Еуропаның энергия тасымалдағыштарға қатысты Мәскеумен әлі де саудаласып, Киев билігіне ықпал етіп, оны бейбітшілікке үгіттеп, осының нәтижесінде ресейлік арзан отынға қол жеткіземін деген үміті болды. Ал қазір мұның барлығы іске аспайтыны белгілі болып отыр. Оларға саудаласуға және келіссөз жүргізуге мүмкіндік бермейтіні анықталды. Өйткені, осы мәселеде Вашингтонның ықпалы басым болып тұр.
Ал бұл ахуал қандай салдарға алып келетіні айтпаса да түсінікті. Ескі Әлемдегі ірі кәсіпорындар тоқырауға ұшыраудың қарсаңында тұр, бензиннен бастап азық-түлікке дейін, коммуналдық қызметтен бастап бірінші қажеттіліктегі заттарға дейін барлығы қатты қымбаттап жатыр. Кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы жаппай жұмыссыздыққа алып келеді. Ал жұмыссыз азаматтар коммуналдық қызметті қалай төлеп, қандай қаражатқа азық-түлік сатып алатыны белгісіз. Бұл сұраққа еуропалық ешбір басшы толық жауап бере алмады. Сондықтан Еуропа Украинаның дағдарыс жолымен келе жатыр деуге негіз бар.
Бұл тек экономикалық апатқа ғана қатысты емес. Газ құбырындағы диверсия тәуелсіз еуропалық саясаттың қандай дәрежеде екенін әлемге ашық көрсетті.
"Ұзақ жылдар бойы Еуроодақ елдері өздерін әлемге Вашингтонның тең серіктесі ретінде таныстырып келді. Алайда, газ құбырындағы бірнеше жарылыс бұл иллюзияның түбіне жетті. Англосаксондықтар еуропалықтар миллиардтаға еуро инвестициялаған газ құбырын жойып, оларды шығынға батырды және америкалық сұйылтылған табиғи газға тәуелді етіп қойды", - деп жазады мақала авторы.
Дегенмен, еуропалықтар газ құбырындағы төтенше оқиғаға қатысты нақты мәлімдеме жасаған жоқ. Тек Александр Вучич қана жарылыс туралы естігенде, "есі шығып, денесін суық тер жапқанын" айтты. Ал басқалары арандатушылық жайын үстірт қозғап, жарылыстарға орыстарды кінәлауға тырысты.
Іс жүзінде осы диверсия туралы мәселені БҰҰ-да Ресей емес, Германия және басқа да еуропалық елдер көтеруі, барлық құзырлы органдарды тарту арқылы ауқымды тергеу жүргізуге тиісті. Бірақ апатты тергеу туралы айтылып жатқан жоқ. Себебі, еуропалықтар бұл оқиғаға нақты кім кінәлі екенін жақсы түсініп отыр. "Тергеушілер газ құбырының жарылысына Ресей кінәлі екеніне халықты сендіре алады ма?" деген сауал жариялады Politico басылымы. Әрине, сендіре алмайды. Сондықтан тергеу туралы ешқандай тарап астама көтеріп отырған жоқ.
Еуропадағы ірі бизнес өкілдері АҚШ-қа жаппай қоныс аударып жатыр, капиталдарын әкетіп, өндірісті мұхиттың арғы жағына көшіруге кірісті. Христиан шіркеулерінің көшбасшылары ғибадатханаларды жауып жатыр. Себебі, оларды жылытуға қаражат жоқ. Мұның барлығы Украинаны еске түсіреді.
Politico журналы жақында жарық көрген мақаласында Еуропаның таяу болашақта тап болуы мүмкін диверсияның кең ауқымын сипаттады: " Интернет пен энергетикалық жүйелер, қаржы нарықтары және су құбырлары гибридті шабуылдарға ұшырауы мүмкін. Мұндай шабуылдар соғыс пен бейбітшілік арасындағы "сұр аймақта" тұр, олар автоматты түрде қарулы жауап қайтара алмайтын ннысаналарға соққы жасайды".
Мақала авторының пікірінше, америкалықтардың әрекетінен еуропалықтардың қиын жағдайға тап болған инфрақұрылымы қирандыға айналады. Бірақ, ондаған жыл бойы Вашингтон қорғаныш пен тірек деп халықты сендіріп келген еуропалық элита қазіргі жағдайды өз азаматтарына қалай түсіндіреді?
Ал анығында еуропалық көшбасшылар мұхиттың арғы бетіндегі серіктес бүгінде қарсыласқа айналғанын және Еуропа елдеріндегі инфрақұрылымға көз тіккенін ашық айтқаны дұрыс болар еді. Бірақ Еуропада батыл пікір білдіретін саясаткерлер санаулы ғана қалған секілді. Мысалы, Виктор Орбан антиресейлік санкцияларға қатысты референдум тураля мәлімдеуден жүрексінген жоқ. Александр Вучич те қарсылық танытып келеді.
Бірақ Еуроодақ қайтадан барлығына орыстарды кінәлі етіп көрсетуге тырысып, осы мәлімдемеге өз халқын сендіруге әрекет жасап жатыр. Сондықтан Брюссель диверсиядан қорғанудың жалғыз жолы ретінде Еуропаны милитаризациялауды ұсынып отыр. НАТО-ның тұрақты патруль жүргізуі, барлау іс-шаралары, әуе мен теңіздегі әскер қатарын арттыру, Ресейге қатысты дипломатиялық қысым жағдайдың оң сипатта шешілуіне әсер ептейтіні белгілі.
Жаңалықтар
0