https://sputnik.kz/20221003/darkhan-satybaldy-zhauapsyz-merdigerler-28132135.html
Дархан Сатыбалды жауапсыз мердігерлерге: маған сылтау айтудың қажеті жоқ
Дархан Сатыбалды жауапсыз мердігерлерге: маған сылтау айтудың қажеті жоқ
Sputnik Қазақстан
Облыс әкімі жауапсыз мердігерлерге қатаң ескерту жасады 03.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-03T08:58+0500
2022-10-03T08:58+0500
2022-10-03T08:58+0500
өңірлер
түркістан облысы
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/03/28132246_0:0:1196:673_1920x0_80_0_0_4024a15bb55a58d32a194bd8ef556372.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс мерзімінен кешіккен нысандарды жаппай тексеріп, міндеттемелерді орындамай отырған мердігерлерді құзырлы органдардың құзыретіне тапсыруды жүктеді, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.Түркістандағы бірнеше тұрғын үй құрылысын аралаған облыс басшысына жауаптылар жұмыс барысында кездескен кей кедергілерді еңсере алмағанын алға тартты. Құрылыс материалдарының қымбаттап, шекарадағы шектеулердің болғанын айтты.Алайда аймақ басшысы істің соңын сиырқұйымшақтатып жіберген әлеуметтік маңызы зор нысандардың жауаптыларына компанияның тәуекелге барып, құрылысқа кіріспес бұрын оның қаншалықты тиімді екенін зерделейтінін еске салды.Облыс басшысы Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Игерілген қаржы мен атқарылған жұмыстың айырмашылығын есептеуді міндеттеді. Құрылыс қарқынын үдетуді тапсырды.Қазіргі таңда облыс орталығының әкімшілік-іскерлік орталығында 5, 7, 9, 12 және 20 қабатты 60 тұрғын үй бой көтерді. Сондай-ақ әкімшілік ғимараты бар 20 қабатты тұрғын үй құрылысы аяқталуға жақын."Керуен сарай" тұрғын үй кешенінің құрылысына 500 адам жұмылдырылған. 4,5 га жерде орналасқан заманауи баспаналар кешені жыл соңында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/03/28132246_47:0:1079:774_1920x0_80_0_0_8258ad41a09d7131c1288a6cec101699.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, құрылыс
түркістан облысы, құрылыс
Дархан Сатыбалды жауапсыз мердігерлерге: маған сылтау айтудың қажеті жоқ
Облыс әкімі жауапсыз мердігерлерге қатаң ескерту жасады
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс мерзімінен кешіккен нысандарды жаппай тексеріп, міндеттемелерді орындамай отырған мердігерлерді құзырлы органдардың құзыретіне тапсыруды жүктеді, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.
Түркістандағы бірнеше тұрғын үй құрылысын аралаған облыс басшысына жауаптылар жұмыс барысында кездескен кей кедергілерді еңсере алмағанын алға тартты. Құрылыс материалдарының қымбаттап, шекарадағы шектеулердің болғанын айтты.
Алайда аймақ басшысы істің соңын сиырқұйымшақтатып жіберген әлеуметтік маңызы зор нысандардың жауаптыларына компанияның тәуекелге барып, құрылысқа кіріспес бұрын оның қаншалықты тиімді екенін зерделейтінін еске салды.
"Сіздерді мәжбүрлеген ешкім жоқ. Мерзімнен кешігіп, салбырлыққа салынып жүргендерге ескерту берілген. Ертеңін ойламай, бірнеше нысанды мойнына алып, жөнімен бітіре алмай отырғандарға кешірім болмайды. Маған сылтау айтудың қажеті жоқ. Бұл жауапсыздық. Әр нысанның артында халықтың тұрғанын ұмытпаңыздар. Талапқа бағынбайтындардың жырын созбай, құзырлы органдардың құзыретіне тапсырыңыздар", - деді Дархан Сатыбалды.
Облыс басшысы Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Игерілген қаржы мен атқарылған жұмыстың айырмашылығын есептеуді міндеттеді. Құрылыс қарқынын үдетуді тапсырды.
Қазіргі таңда облыс орталығының әкімшілік-іскерлік орталығында 5, 7, 9, 12 және 20 қабатты 60 тұрғын үй бой көтерді. Сондай-ақ әкімшілік ғимараты бар 20 қабатты тұрғын үй құрылысы аяқталуға жақын.
"Керуен сарай" тұрғын үй кешенінің құрылысына 500 адам жұмылдырылған. 4,5 га жерде орналасқан заманауи баспаналар кешені жыл соңында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.