Ақтөбе тұрғыны ессіз әрекеті үшін төрт айыппұл төлейді – видео

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Ақтөбе қаласында көлікпен артқа қарай жүріп, желіде танымал болған жүргізуші ұсталды. Оған қатысты төрт бірдей әкімшілік хаттама рәсімделді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Полиция әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде жол ережесін өрескел бұзған Lada-21144 көлігін анықталды. Жүргізуші артымен жүріп қана қоймай, маневр жасап, арнайы қызметтердің жарығын пайдаланған.
Іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп бұзушы ұсталды. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодектің төрт бірдей бабы – 596-бабының 5-бөлімі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу), 590-бабының 2-бөлімі (Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу), 595-бабы 2-бөлімі (Көлік құралына арнайы жарық беру және (немесе) жедел және арнаулы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз қолдану) және 603-бабының 1-бөлімі (Маневр жасау ережелерін бұзу) бойынша жауапқа тартылды. Ал көлігі айып тұрағына қойылды.
Айта кетері, үш бап бойынша барлығы 30 АЕК (95 400 теңге) көлемінде айыппұл қарастырлса, тағы бір бап бойынша 50 АЕК (159 000 теңге) төлеуге тура келеді.
Жаңалықтар
0