https://sputnik.kz/20221003/aqtaudyn-akimi-auysty-28136143.html
Ақтаудың әкімі ауысты
Ақтаудың әкімі ауысты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Ақтау қаласының әкімі қызметіне Ербол Ізбергенов тағайындалды. Бұған дейін ол қала басшысының орынбасары қызметін атқарды, деп... 03.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-03T11:34+0500
2022-10-03T11:34+0500
2023-08-10T16:53+0500
әкім
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/03/28135986_0:0:800:450_1920x0_80_0_0_cbb6a42974a187f7b7a3a93bb626ddfb.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Ақтау қаласының әкімі қызметіне Ербол Ізбергенов тағайындалды. Бұған дейін ол қала басшысының орынбасары қызметін атқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Облыс әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, жаңа әкімнің кандидатурасы президенті әкімшілігімен келісілді. Мәслихат депутаттары да оған қолдау білдірді. Ал Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Нұрдәулет Қилыбайға атқарылған жұмысы үшін алғысын білдіріп, Ербол Ізбергеновке Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.Жаңа әкім туралы не білеміз? Ербол Ізбергенов еңбек жолын 1991 жылы Ақтауда "Маңғыстау мұнай-газ барлау" мекемесінде тас қалаушы болып бастаған. Одан кейін осы салада біраз уақыт жұмыс істеді. "Каспий Кооперсервис" ЖШС шебері болды. 2000-2003 жылдары "West Kazakhstan Construction Company" ЖШС техникалық директоры қызметін атқарды. Ал 2004 жылы мемлекетке қызметке ауысты. Ақтау қаласы әкімі аппаратының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, Маңғыстау ауылы әкімінің орынбасары (2004-2005), Қызылтөбе ауылдық округінің әкімі (2005-2007), Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары (2007-2011) болды. Денсаулық сақтау министрлігінде, индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде маман, бас сарапшысы және басқарма басшысы болып жұмыс істеді. 2019 жылда "Ақтау теңіз порты "арнайы экономикалық аймағы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2020 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болды.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/03/28135986_77:0:677:450_1920x0_80_0_0_926351e7420d346c5f3bc060004cbcd7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әкім, ақтау
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Ақтау қаласының әкімі қызметіне Ербол Ізбергенов тағайындалды. Бұған дейін ол қала басшысының орынбасары қызметін атқарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Облыс әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, жаңа әкімнің кандидатурасы президенті әкімшілігімен келісілді. Мәслихат депутаттары да оған қолдау білдірді.
Ал Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Нұрдәулет Қилыбайға атқарылған жұмысы үшін алғысын білдіріп, Ербол Ізбергеновке Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Жаңа әкім туралы не білеміз?
Ербол Ізбергенов еңбек жолын 1991 жылы Ақтауда "Маңғыстау мұнай-газ барлау" мекемесінде тас қалаушы болып бастаған. Одан кейін осы салада біраз уақыт жұмыс істеді.
"Каспий Кооперсервис" ЖШС шебері болды. 2000-2003 жылдары "West Kazakhstan Construction Company" ЖШС техникалық директоры қызметін атқарды. Ал 2004 жылы мемлекетке қызметке ауысты.
Ақтау қаласы әкімі аппаратының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, Маңғыстау ауылы әкімінің орынбасары (2004-2005), Қызылтөбе ауылдық округінің әкімі (2005-2007), Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары (2007-2011) болды.
Денсаулық сақтау министрлігінде, индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде маман, бас сарапшысы және басқарма басшысы болып жұмыс істеді. 2019 жылда "Ақтау теңіз порты "арнайы экономикалық аймағы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2020 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болды.