Антикор қызметкерін атып тастаймын деп қорқытқан полиция майоры қамауға алынды

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицей
Полицей - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерін атып тастаймын деп қорқытқан полицей қамауға алынды.
Алматы облысындағы елді мекендердің бірінде болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеодағы төрт адамның біреуі мылтықпен қаруланған. Ер адам антикор қызметкерінен ауласынан кетуді талап етеді. Үйіне тінту жүргізуге келгендерді қару қолданамын деп қорқытқан тұрғын жергілікті учаскелік полицейлердің бірі екені анықталды.
Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл жағдай қылмыстық іс аясында жүргізілген тергеу әрекеттері кезінде болғанын хабарлады.
500 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген Қарасай ауданының полиция қызметкерлеріне қатысты тергеу басталған.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тінту жүргізген кезде полиция майоры заңды талаптарға бағынбай, атыс қаруын қолданамын деп қорқытқан. 22 қыркүйекте осы факт негізінде Қылмыстық кодекстің 380-бабы (билік өкіліне қатысты қауіп) бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деп хабарлады Антикор.
29 қыркүйекте күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.
Жаңалықтар
0