Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Андрей Стенин атындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

© Photo : Алессандро ЧинквеАльпакерос. Моя планета, серии.
Альпакерос. Моя планета, серии. - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Жазылу
Ресейдегі жас фотографтарға арналған жалғыз халықаралық алаң "Россия сегодня" медиа тобының әскери тілшісі Андрей Стенинді еске алу құрметіне арналған байқаудың жеңімпаздарын анықтады
МӘСКЕУ, 27 қыркүйек – Sputnik. 2022 жылы әр номинация бойынша, сондай-ақ "Қазылар алқасының арнайы бағасы" бойынша жүлделердің жеңімпаздары анықталды. Байқаудың сарапшы қазылар алқасының айтуынша, биылғы жылы Бас жүлдені табыстамау туралы шешім қабылданған.
Байқаудың кураторы Оксана Олейниктің айтуынша, әмбебап тілге ие сурет қазіргі әлемде коммуникацияның тұрақты түріне айналған.
"Қандай қиын-қыстау заман болса да, жас фототілшілер осы әмбебап тілді шебер игергендерін көрсетіп келеді", - деді ол.
Байқауға қатысушылардың жұмыстары әлі күнге дейін ең өзекті тақырыптарға, атап айтқанда, адам мен табиғат арасындағы текетірес және одан туындаған экологиялық проблемалар, саяси және этникалық қақтығыстар, әлеуметтік сынақтарға негізделген.
"Сурет арқылы бейнелей отырып, бұл байқаудың жеңімпаздары қалыптан тыс ойлайды және оқиғалардың бір сәттік көрінісін сипаттай алады", - деп атап өтті Олейник.

Байқау номинациялары

"Басты жаңалықтар" номинациясында бірінші орын гватемалалық фотограф Эстебан Бибаның 2021 жылдың қаңтар айында Гватемаланың Вадо-Хондо ауылында елдегі тәртіп сақшылары мен Гондурастан келген мигранттар керуені арасындағы қақтығыс бейнеленген "Қалқандар қабырғасы" репортаж суреті және үнді журналисі Чандан Ханнаның 2021 жылдың желтоқсанында АҚШ-тың Кентукки штатында мыңдаған отбасын Рождество мерекесінен айырған торнадо туралы "Есеңгіреу" атты суреті иеленді.
© Photo : Эстебан Биба "Қалқандар қабырғасы" Эстебан Биба, Гватемала.
Стена щитов
Эстебан Биба, Гватемала. Главные новости, одиночные фотографии - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
"Қалқандар қабырғасы" Эстебан Биба, Гватемала.
Спорт номинациясында дара туындылар бойынша 2021/2022 жылғы маусымда Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі "Спартак" пен "Лестер" арасындағы ойын кезінде Патсон Дакидің сальто жасау сәтін суретке түсірген ресейлік Эдгар Брещановтың "Бәрін өзгерткен адам" атты туындысы үздік атанды.
© Photo : Эдгар Брещанов"Бәрін өзгерткен адам" Эдгар Брещанов
Человек, который изменил всё
Эдгар Брещанов, Россия. Спорт, одиночные фотографии. - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
"Бәрін өзгерткен адам" Эдгар Брещанов
Ал номинациялар топтамасында 2020 жылы ұлттық спорт түрі мәртебесіне ие болған "hэер шаалган" атты ежелгі бурят халқының ойыны туралы ресейлік Евгений Коноплевтің "Сүйек сындырушылар" атты суреттер топтамасы жеңіске жетті.
Чили бұрышын жинап жатқан әйелдерді жоғарыдан суретке түсіріп алған бангладештік фототілші Абдул Моминнің бұл туындысы "Менің планетам" номинациясында дара суреттер арасында ең үздік деп танылды. Осы номинация бойынша топтамалар ішінде италиялық Алессандро Чинквенің Анд үстіртін мекендеген перу қауымдастықтарының тіршілігі туралы бейнелейтін "Альпакерос" деректі хроникасы жеңіске жетті.
© Photo : Абдул МоминЧили бұрышын жинаушылар, Абдул Момин, Бангладеш
Сборщицы перца, Абдул Момин, Бангладеш. Моя планета, одиночные фотографии. - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Чили бұрышын жинаушылар, Абдул Момин, Бангладеш
"Портрет. Қазіргі заман қаһарманы" номинациясында бірінші орындар Бангладеш пен Иранның фототілшілеріне бұйырды. Дара сурет категориясында Картик Брати мейрамының басталуын бейнелейтін Даккадағы Локнат Брахмачари ғибадатханасында шамдардың жағылуын суреттейтін бангладештік тілші Мұхаммед Амдад Хоссейннің "Сәуле мен үміт" атты туындысы жеңімпаз атанды.
Бұл номинациядағы топтамалар ішінде ирандық фототілші Шагхае Шаянкхидің Парсы шығанағындағы Иранның оңтүстігіндегі Джезирейе-Шиф аралының тұрғындары туралы "Құпия армандар" атты әйелдердің портреттері үздік деп танылды.
© Photo : Шагхае Шаянкха"Құпия армандар" Шагхае Шаянкха, Иран.
Тайные мечты
Шагхае Шаянкха, Иран. Портрет. Герой нашего времени, серии.
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
"Құпия армандар" Шагхае Шаянкха, Иран.
Қалыптасқан дәстүр бойынша байқау аясында қатысушыларға арнайы сыйлықтар берілді. 2022 жылы барлық төрт номинация "Басты жаңалықтар", "Менің планетам", "Спорт" және "Портрет. Қазіргі заман қаһарманы" бойынша жүлде берілді. Арнайы сыйлықтарды байқаудың көпжылдық серіктестері – Әл-Маядин ТВ Жалпыарабиялық ақпараттық холдингі және Халықаралық Қызыл Крест комитеті (ХҚКК) табыстады.
© Photo : Джакомо д'Орланд Джакомо д'Орландо, Италия.
Сад Немо
Джакомо д'Орландо, Италия. Моя планета, одиночные фотографии. - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Джакомо д'Орландо, Италия.
Филиппиндік кіші Данте Диосина түсірген "Ғибадатхана ковид палатасына айналды" атты дара суреті және сириялық Муниб Тайманың "Соғыс қасіреті орнына спорттық жетістіктер" атты суреттер топтамасы сәйкесінше "Басты жаңалықтар" және "Спорт" номинациялары бойынша Халықаралық Қызыл Крест комитетінің "Гуманитарлық сурет үшін" арнайы сыйлығымен марапатталды.
© Photo : Чандан Ханна"Соғыс қасіреті орнына спорттық жетістіктер" Чандан Ханна
Потрясение
Чандан Ханна, Индия. Главные новости, серии. - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
"Соғыс қасіреті орнына спорттық жетістіктер" Чандан Ханна
Әл-Маядин ТВ арнайы сыйлықтары "Менің планетам" номинациясы бойынша – үнді фототілшісі Раджендра Мохан Пандидің Үндістанның Джамму және Кашмир штатындағы Сринагар елді мекенінде қыс мезгілінде түсірген "Мұзда жүзу" дара суретіне және "Портрет. Қазіргі заман қаһарманы" номинациясында ресейлік Виталий Невардың "Белгісіз сарбаз" атты дара суретіне бұйырды.
Ресейдің ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының қолдауымен "Россия сегодня" медиа тобы ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистиканың міндеттеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған. Бұл – талантты, сезімтал және барлық жаңалықтарға ашық, жанымыздағы адамдар мен оқиғаларға назар аударатын жас фотографтарға арналған алаң.
Байқаудың бас ақпараттық серіктестері: Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиохабар тарату компаниясы, СМОТРИМ онлайн платформасы, "Россия-Культура" бүкілресейлік мемлекеттік телеарнасы, "Москва 24" телеарнасы.
Байқаудың халықаралық ақпарат серіктестері: Sputnik ақпарат агенттігі және радиосы, RT телеарнасы және порталы, Askanews ақпарат агенттігі, Independent Media медиахолдингі, Telam ақпарат агенттігі, ANA, Shanghai United Media Group (SUMG) жаңалықтар агенттігі, China Daily газетінің интернет-порталы, The Paper интернет-порталы, Al Mayadeen медиа желісі, Этникалық сурет фестивалі (Италия).
Жаңалықтар
0