Алматы әуежайы жүкті лақтырған қызметкерлердің әрекетіне қатысты пікір білдірді

© Photo : РСК АлматыАэропорт Алматы
Аэропорт Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Жазылу
Оңтүстік астананың әуе айлағындағы техникалық қызметкерлерге тәртіптік ескерту жарияланды
АЛМАТЫ, 3 қазан – Sputnik. Өткен аптада желіде Алматы әуежайындағы жұмысшылардың шабадандарды қалай болса солай лақтырып жатқаны бейнеленген видео тарады.
Видеода жүк тиеушілердің жұмысты нашар орындап жатқаны көрсетілген. Желі қолданушысы видеоның Алматы – Атырау бағытындағы SCAT әуе компаниясының бортына жүк тиеу кезінде түсірілгенін айтқан.
"Өздеріңіз көріп отырғандай, бүгінде Алматы әуежайындағы жүк тиеушілер де пас беру дағдысын шыңдап жатыр. Олар бұл үшін стресстік жағдайды пайдаланып отыр. Жігіттер NBA рейтингінде қандай орында деп ойлайсыз?" – деп жазды видео авторы.
Алматы әуежайының баспасөз қызметі ұшуға бет алған рейстердің біріне жүк тиеу кезінде тәртіп бұзушылық расында да болғанын растады.
"Алматы халықаралық әуежайы кез келген байланыс құралдары арқылы жолаушылардан түскен барлық ақпаратты ескереді. Біз ұшуға бет алған рейстердің бірін өңдеу кезінде жүкті тиеу (жолаушы жүгі емес) тәртібінің бұзылғанын растаймыз. Жүктерді тасымалдаумен айналысатын қызметкерлер тәртіптік ескерту алды", – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Әуежайдағылай хабарлағандай, әуе айлағындағы барлық жүк тиеушіге жүктерді дұрыс сұрыптау бойынша парақшалар мен басқа да анықтамалық материалдар таратылды.
"Мұндай қателік жібермеу үшін әуежайдағы жүк тиеумен айналысатын барлық қызметкерге нұсқау беріліп, оларға жүкті дұрыс сұрыптау бойынша жадынамалар таратылды. Жүк тиеу рәсімінің дұрыстығын бақылау үшін қосымша тексерулер жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтар
0