200 мың доллар талап еткен: Алматыда адам ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Алматы полициясы адам ұрлығының бетін ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.
40 жастағы алматылық қылмыскерлердің құрбаны болды. Оны Алматы қаласы Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй аумағынан ұрлап кеткен.
Ұрланған азаматтың әйелі полицияға жүгінді. Оны іздестіру үшін жедел-тергеу тобы құрылып, жәбірленушінің қай жерде екені анықталды.
Ер адамды босату операциясы Түрксіб ауданындағы қоймалардың бірінде жүргізілді. Төрт адам ұсталды. Олар бұрын бопсалау және бұзақылық үшін сотталған.
Ұрланған азамат аман-есен босатылды. Ол қатты соққыға жығылған және оған медициналық көмек қажет болды.
"Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамдар оны босату үшін 200 мың доллар талап еткен, әйтпесе героины бар иньекция енгіземіз деп қорқытқан", – дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Сотқа дейінгі тергеу барысында істің мән-жайы белгілі болады. Күдіктілер қамауға алынды.
Жаңалықтар
0