Білім

Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2022
Жазылу
Президент қоғамда мұғалімнің мәртебесі одан әрі биіктей түсетінін атап өтті
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі телеграм арнасында хабарлады.
"Ұстаз деген – қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз – жоғары деңгейдегі тұлға. Біз ұстазды құрмет тұтқан елміз. Қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз", - деді Тоқаев.
Айта кетері, Қазақстанда Мұғалімдер күні қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.
1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам елінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдердің төл мейрамы болып белгіленген. Кей мемлекеттер бұл мерекені 5 қазан күні атап өтеді.
Ұстаздар күні қарсаңында Қазақстанда республикалық "Үздік педагог" байқауының жеңімпаздары марапатталады.
Жаңалықтар
0