Шаңды дауыл, үсік: синоптиктер 3 қазандағы ауа райын болжады

© Photo : Pixabay / Narcis CiocanОсень
Осень - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Қазгидромет 3 қазандағы ауа райын болжады. Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінің ауа райын солтүстік антициклон анықтайды, онымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек еліміздің батысы, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, шығыста, оңтүстік-шығыста тұман, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау облыстарының басым бөлегінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Абай облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік сақталады, Ақтөбе облысының шығысында 1 градус үсік күтіледі.
Жаңалықтар
0