https://sputnik.kz/20221002/qylmystyq-zhauapkershilikke-tartylgan-reseylik-dariger-elden-shygaryldy-28125336.html
Қылмыстық жауапкершілікке тартылған ресейлік дәрігер елден шығарылды
Қылмыстық жауапкершілікке тартылған ресейлік дәрігер елден шығарылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде ресейлік дәрігердің елден шығарылуы жөнінде ақпарат тарады. 02.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-02T18:21+0500
2022-10-02T18:21+0500
2022-10-02T18:21+0500
ресей
дәрігер
заң бұзу
https://sputnik.kz/img/1013/03/10130366_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_f64d3d65cdb0771405fe221c2049216f.jpg
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде ресейлік дәрігердің елден шығарылуы жөнінде ақпарат тарады. Алматы қаласы көші-қон қызметі басқармасының мәліметі бойынша 23 қыркүйек күні РФ азаматы Р. Алферов шекара қызметінің қызметкерлеріне "Қордай авто" бақылау-өткізу пунктінде тапсырылды. "Наурызбай аудандық сотының 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция бөлімінің арызы бойынша Қазақстанның заңнамасын бұзғаны үшін Ресей азаматы Роман Алферов Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылды. Сот шешімін өз еркімен орындауға 10 күн мерзім берілген, алайда осы уақыт ішінде шетелдік азамат әртүрлі жолдармен сот шешімін орындаудан жалтарған, яғни бірнеше рет кассациялық шағым берген, стационарда емделуде болған. Сонымен қатар ол Қазақстанда болған кезінде бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке және бір рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - деді Алматы қалалық көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.kozachkow телеграм арнасының мәліметінше, пластикалық хирургтің қолынан екі пациент мерт болған.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1013/03/10130366_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_6518c592399475ee514250e9c82ac9e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, дәрігер, заң бұзу
Қылмыстық жауапкершілікке тартылған ресейлік дәрігер елден шығарылды
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде ресейлік дәрігердің елден шығарылуы жөнінде ақпарат тарады.
Алматы қаласы көші-қон қызметі басқармасының мәліметі бойынша 23 қыркүйек күні РФ азаматы Р. Алферов шекара қызметінің қызметкерлеріне "Қордай авто" бақылау-өткізу пунктінде тапсырылды.
"Наурызбай аудандық сотының 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция бөлімінің арызы бойынша Қазақстанның заңнамасын бұзғаны үшін Ресей азаматы Роман Алферов Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылды. Сот шешімін өз еркімен орындауға 10 күн мерзім берілген, алайда осы уақыт ішінде шетелдік азамат әртүрлі жолдармен сот шешімін орындаудан жалтарған, яғни бірнеше рет кассациялық шағым берген, стационарда емделуде болған. Сонымен қатар ол Қазақстанда болған кезінде бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке және бір рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - деді Алматы қалалық көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
kozachkow телеграм арнасының мәліметінше, пластикалық хирургтің қолынан екі пациент мерт болған.