https://sputnik.kz/20221002/bas-prokuratura-oblys-beru-adam-28115514.html
Бас прокуратура Қазақстанның бір облысын басқа мемлекетке беруге үндеген адамды тапты
Бас прокуратура Қазақстанның бір облысын басқа мемлекетке беруге үндеген адамды тапты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Бас прокуратура Қазақстанның бір облысын иеліктен шығаруға үндеген адамды анықтады. Ол алыс шет елдердің бірінде тұрады, деп... 02.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-02T10:55+0500
2022-10-02T10:55+0500
2022-10-02T10:55+0500
қоғам
облыс
бас прокуратура
https://sputnik.kz/img/old/918/20/9182010_0:61:1313:800_1920x0_80_0_0_179e870497e06c0be714985ba566a61d.jpg
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Бас прокуратура Қазақстанның бір облысын иеліктен шығаруға үндеген адамды анықтады. Ол алыс шет елдердің бірінде тұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қадағалаушы органның өкілі Серік Әділкенұлының айтуынша, Telegram-арналардың бірінде Қазақстанның бір облысын басқа елдің пайдасына иеліктен шығаруға үндейтін арандатушылық материал жарияланған."Материалдың авторы анықталды. Ол Қазақстанға келген шетелдік емес. Алыс шет елдердің бірінде тұрады. Бұл – сырттан бағытталған жоспарлы акция. Негізгі мақсаты – Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру, көрінеу жалған ақпарат тарату және ұлттық араздықты қоздыру", - дейді Әділкенұлы.Оның айтуынша, осы әрекет Қылмыстық кодекстің 174-ші, 180-ші және 274-ші баптарпен қудаланады."Осы сепаратистік факт бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір Қылмыстық кодекстің 180-бабы бойынша іс қозғалды. Осындай материалдар мен үндеулерді орналастыру кезінде олардың авторлары мен таратушылары қатаң қылмыстық жазаға тартылатынын еске саламыз", - деді ол.Бас прокуратура қазақстандықтарды арандатушылыққа ермеуге шақырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/918/20/9182010_123:0:1190:800_1920x0_80_0_0_e9561cf1710cd8e5b9270bf191ae8916.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
облыс, бас прокуратура
Бас прокуратура Қазақстанның бір облысын басқа мемлекетке беруге үндеген адамды тапты
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Бас прокуратура Қазақстанның бір облысын иеліктен шығаруға үндеген адамды анықтады. Ол алыс шет елдердің бірінде тұрады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қадағалаушы органның өкілі Серік Әділкенұлының айтуынша, Telegram-арналардың бірінде Қазақстанның бір облысын басқа елдің пайдасына иеліктен шығаруға үндейтін арандатушылық материал жарияланған.
"Материалдың авторы анықталды. Ол Қазақстанға келген шетелдік емес. Алыс шет елдердің бірінде тұрады. Бұл – сырттан бағытталған жоспарлы акция. Негізгі мақсаты – Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру, көрінеу жалған ақпарат тарату және ұлттық араздықты қоздыру", - дейді Әділкенұлы.
Оның айтуынша, осы әрекет Қылмыстық кодекстің 174-ші, 180-ші және 274-ші баптарпен қудаланады.
"Осы сепаратистік факт бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір Қылмыстық кодекстің 180-бабы бойынша іс қозғалды. Осындай материалдар мен үндеулерді орналастыру кезінде олардың авторлары мен таратушылары қатаң қылмыстық жазаға тартылатынын еске саламыз", - деді ол.
Бас прокуратура қазақстандықтарды арандатушылыққа ермеуге шақырды.