https://sputnik.kz/20221002/astana-auyl-sharuashylygy-zharmenkesi-28121213.html
Азық-түлік жәрмеңкесі: Астанада Абай облысының өнімдері сатылып жатыр
Азық-түлік жәрмеңкесі: Астанада Абай облысының өнімдері сатылып жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы жалғасуда. Онда тұрғындар азық-түлікті нарықтық бағаға қарағанда арзанға сатып ала... 02.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-02T13:56+0500
2022-10-02T13:56+0500
2022-10-02T13:56+0500
елорда тынысы
жәрмеңке
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/02/28121676_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_93c1df8160d6aab197d20d7ce4708edb.jpg
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы жалғасуда. Онда тұрғындар азық-түлікті нарықтық бағаға қарағанда арзанға сатып ала алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Бұл жолы астанаға тауарларды Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының өндірушілері әкелді.Жәрмеңке "Астана-Арена" стадионы жанындағы алаңда өтіп жатыр. Мұнда өңірлерден келген өндірушілердің 70-тен астам өнім түрі ұсынылған."Маған мұндай жәрмеңкелер өте ұнайды. Мұнда әрқашан жаңа өнімдер болады, ал сатушылар өте сыпайы және мейірімді. Мен Шығыс Қазақстанның тумасымын. Сондықтан бүгін өз өңірімнен тауар сатып алғаныма өте қуаныштымын", - дейді елорда тұрғыны Әсемгүл Оспанова.Елордадағы жәрмеңкеге барлығы 282 тонна азық-түлік әкелінді. Қала тұрғындары картоп пен көкөніс, ет, балық, құс еті, шұжық өнімдері, бал, күнбағыс майы, бақша дақылдары, сүт өнімдері, қымыз және панта өнімдерін қолайлы бағамен сатып ала алады. Жәрмеңкеде ұлттық тағамдар да бар.Саудадан бөлек, жәрмеңке қонақтары концерттік бағдарламаны тамашалай алады.Еске салсақ, келесі демалыс күндері, 8-9 қазанда жәрмеңкеде өз өнімдерін Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кәсіпкерлері ұсынады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/02/28121676_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_6fbd40e51ac050f893991f300ce35a70.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жәрмеңке
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы жалғасуда. Онда тұрғындар азық-түлікті нарықтық бағаға қарағанда арзанға сатып ала алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бұл жолы астанаға тауарларды Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының өндірушілері әкелді.
Жәрмеңке "Астана-Арена" стадионы жанындағы алаңда өтіп жатыр. Мұнда өңірлерден келген өндірушілердің 70-тен астам өнім түрі ұсынылған.
"Маған мұндай жәрмеңкелер өте ұнайды. Мұнда әрқашан жаңа өнімдер болады, ал сатушылар өте сыпайы және мейірімді. Мен Шығыс Қазақстанның тумасымын. Сондықтан бүгін өз өңірімнен тауар сатып алғаныма өте қуаныштымын", - дейді елорда тұрғыны Әсемгүл Оспанова.
Елордадағы жәрмеңкеге барлығы 282 тонна азық-түлік әкелінді. Қала тұрғындары картоп пен көкөніс, ет, балық, құс еті, шұжық өнімдері, бал, күнбағыс майы, бақша дақылдары, сүт өнімдері, қымыз және панта өнімдерін қолайлы бағамен сатып ала алады. Жәрмеңкеде ұлттық тағамдар да бар.
Саудадан бөлек, жәрмеңке қонақтары концерттік бағдарламаны тамашалай алады.
Еске салсақ, келесі демалыс күндері, 8-9 қазанда жәрмеңкеде өз өнімдерін Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кәсіпкерлері ұсынады.