Өңірлер

Алматыда артынан соққы алған көлік аударылып кетті – бес адам зардап шекті

© Sputnik / СтрингерАлматыдағы жол апаты
Алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Алматыда артынан соққы алған Subaru Legacy маркалы көлік аударылып кетті. Салонда бес адам болған, үшеуі – бала. Барлығы зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жол апаты Наурызбай ауданында болған.
Subaru Legacy Алатау көшесімен келе жатқан. Сәбденов пен Ташкент көшелері арасындағы жаяу жүргіншілер өткеліне келгенде адам шығып қалады. Сол кезде жеңіл көліктің жүргізушісі тежегішті басады. Бірақ оның артында келе жатқан HOWO тоқтап үлгермеген.
© Sputnik / СтрингерАлатау көшесінде бетон таситын көлік пен жеңіл көлік соқтығысты
Бетономешалка и легковушка столкнулись на улице Алатау - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2022
Алатау көшесінде бетон таситын көлік пен жеңіл көлік соқтығысты
Бетон таситын жүк көлігі қатты жылдамдықпен Subaru-ды артынан соқты. Жеңіл көлік айналып, аударылып кетті.
© Sputnik / СтрингерЖеңіл көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы зардап шекті
В аварии пострадал водитель и четыре пассажира легкового автомобиля - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2022
Жеңіл көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы зардап шекті
Subaru салонында бес адам болған. Үшеуі – бала. 2014 жылғы бір баланы дәрігерлер қарап, үйіне жіберді. Ал 6 және 4 жасар екі бала ересектермен бірге ауруханаға жатқызылды.
Жаңалықтар
0