https://sputnik.kz/20221002/10-million-tenge-tolegen-toregali-toreali-bostandyqqa-shyqty-28124322.html
Төреғали Төреәлі кепілдікпен босатылады
Төреғали Төреәлі кепілдікпен босатылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. "Көлсай" ұлттық саябағының аумағында гидті соққыға жыққаны үшін айыпталған әнші Төреғали Төреәлі кепілдікпен босатылады. 02.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-02T16:04+0500
2022-10-02T16:04+0500
2022-10-02T16:23+0500
төреғали төреәлі
сот
https://sputnik.kz/img/411/35/4113536_0:187:852:666_1920x0_80_0_0_228b0ee8c33d5efdcc6ba8268e781fc0.jpg
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. "Көлсай" ұлттық саябағының аумағында гидті соққыға жыққаны үшін айыпталған әнші Төреғали Төреәлі кепілдікпен босатылады.Ақпаратты Алматы облысы Кеген аудандық сотының баспасөз қызметі растады."Кеген ауданы сотының қаулысымен Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша күдікке ілінген Төреғали Әлиханов 10 миллион теңге кепілдікпен тергеу изоляторынан босатылады", - делінген хабарламада.Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының полициясы әнші Төреғали Төреәлінің гидті ұрып-соққаны туралы интернетте жарияланған жазбадан кейін іс қозғады.Оқиға 28 қыркүйекте "Көлсай көлдері" ұлттық саябағының аумағында болған, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті."Құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді. Қазақстан заңнамасына сәйкес барлық қажетті сараптама жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайы анықталады", - деп хабарлады полиция.Қылмыстық істің тергелу барысы мен нәтижесі Алматы облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.Бұған дейін әлеуметтік желіде жарияланған видеоның авторы әншінің гидті ұрып-соққанын айтқан болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/411/35/4113536_0:107:852:746_1920x0_80_0_0_3473c4cd46cf415ab3f6121c6f27f715.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төреғали төреәлі, сот
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. "Көлсай" ұлттық саябағының аумағында гидті соққыға жыққаны үшін айыпталған әнші Төреғали Төреәлі кепілдікпен босатылады.
Ақпаратты Алматы облысы Кеген аудандық сотының баспасөз қызметі растады.
"Кеген ауданы сотының қаулысымен Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша күдікке ілінген Төреғали Әлиханов 10 миллион теңге кепілдікпен тергеу изоляторынан босатылады", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының полициясы әнші Төреғали Төреәлінің гидті ұрып-соққаны туралы интернетте жарияланған жазбадан кейін іс қозғады.
Оқиға 28 қыркүйекте "Көлсай көлдері" ұлттық саябағының аумағында болған, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
"Құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді. Қазақстан заңнамасына сәйкес барлық қажетті сараптама жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайы анықталады", - деп хабарлады полиция.
Қылмыстық істің тергелу барысы мен нәтижесі Алматы облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жарияланған видеоның авторы әншінің гидті ұрып-соққанын айтқан болатын.