Жетісу облысында көлік жылқыны қағып кетті: бір адам көз жұмды

© Photo : РixabayАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2022
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 1 қазан – Sputnik. Алматы-Өскемен тасжолында Toyota Crown көлігі жылқымен соқтығысты. Жас жігіт оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты 1 қазанға қараған түні Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылының маңында болды. Шетелдік көліктің 27 жастағы жүргізушісі жолға шауып шыққан жылқыны қағып кеткен.
"Қажетті сараптамалар тағайындалып, жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Аудандық полицейлер сондай-ақ жылқының иесін анықтап жаыр", - деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер жүргізушілерден жолда абай болып, жылдамдықты асырмауды сұрайды.
Жол апатынан екі дәрігер қаза тауып, 8 медицина қызметкері жарақат алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2022
Жол апатынан екі дәрігер қаза тауып, 8 медицина қызметкері жарақат алды
Жаңалықтар
0