сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Президент сайлауы - 2022
Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Президент сайлауы: ЖСДП өз кандидатын ұсынды

Съезд ОСДП
Съезд ОСДП - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2022
Жазылу
Ол 65 жаста, партияның елордалық филиалын басқарады
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кезектен тыс президент сайлауына Нұрлан Әуесбаев қатысады.
Бүгін кезектен тыс съезде делегаттар Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қолдады.
"Съезд Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттікке үміткер ретінде Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевты таңдау туралы шешім қабылдады", - деді партия төрағасы Асхат Рақымжанов.
Партия өз тарихында алғаш рет президент сайлауына үміткер ұсынып отыр.

Жаңа кандидат туралы не білеміз

Нұрлан Әуесбаев 1957 жылы Түркістан облысында туған. Партияның астаналық филилын басқарады. Жоғары білімі бар, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін тәмамдаған. Ұзақ жылдар бойы әкімдіктерде түрлі лауазымдарды атқарды.
ЖСДП – Қазақстандағы оппозициялық саяси партия. 2006 жылы 10 қыркүйекте құрылған.
Еске салсақ, кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
Жаңалықтар
0