Астана тұрғыны сүйіктісіне берген сыйлығын қайтаруды сот арқылы талап етті

© AP Photo / Jean-Francois BadiasАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Астана қаласының тұрғыны сүйіктісіне сыйға тартқан қымбат ұялы телефон мен электронды сағаттың ақшасын қайтаруды талап етті. Бірінші инстация шағымды қанағаттандырған жоқ. Содан жас жігіт аппеляцияға шағым түсірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Астана қаласының сотына сілтеме жасап.
Ғашық жігіт қыздан ақшасын аямаған. Оған кредитке "iPhone 12 Pro MAX" ұялы телефонын, сондай-ақ "Apple Watch Series 6" смарт сағатын алып берген. Сүйіктісі кредитті жабуға көмектесемін деген. Алайда сыйлығын алған бойда бірден ломбардқа тапсырған.
Екеуі араласпай кеткеннен кейін жігіт сыйлықтың ақшасын қайтаруды талап еткен. Ал сотта телефон мен сағаттың құнын – 800 мың теңгені өндіріп беруді сұрады.
Сот алдында сыйлық алған қыз да жауап берді. Ол өзінің жәрдемақысы есебінен кредитті өтеуге мүмкіндігінше көмектескенін, тіпті, бұрынғы жігітіне 149 мың теңге аударғанын айтты.
Бірінші сатыдағы сот инстанциясы Азаматтық кодекстің 506-бабы негізінде өз шешімін шығарған. Осы бапқа сәйкес, сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап екіншіге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн берсе, ол тарап мүлiктiк мiндеттен босатылады. Ал сотта қарыз алу шартының немесе өзге шарт, я болмаса, ақшаны қайтару міндеттемесін қамтитын дәлелдер ұсынылмаған.
"Талапкер кредитті өз еркімен алып, жауапкерге сыйға тартты, ал жауапкер болса сыйға тартылған мүлікке өз қалауы бойынша билік етті", - деді судья.
Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Жаңалықтар
0