https://sputnik.kz/20221001/antikordyn-ush-qyzmetkeri-turmege-qamaldy-28105760.html
Антикордың үш қызметкері түрмеге қамалды
Антикордың үш қызметкері түрмеге қамалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері алаяқтық үшін сотталды. Үшеуі де түрмеге қамалды, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы. 01.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-01T13:15+0500
2022-10-01T13:15+0500
2022-10-01T13:15+0500
өңірлер
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/1270/33/12703380_0:0:2048:1153_1920x0_80_0_0_479fb168f0b73a32973c42e6aac696ff.jpg
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері алаяқтық үшін сотталды. Үшеуі де түрмеге қамалды, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.Тергеу материалдарына сәйкес, жемқорлықпен күресіп жүрген қызметкерлерді Қарағанды мен Қызылорда облыстарынан Ақтөбе қаласына іссапармен жіберген. Олар сол жерде заңсыз табыс тауып қайтуды ойлаған. Алдымен куәгерлерді қылмыстық іс қозғаймыз деп қорқытқан. Одан кейін ақша талап еткен. Осылайша, 9 адамнан ақша алып жүрген. Ал алаяқтық фактісі анықталғаннан кейін өздері сот алдында жауап берді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үш қызметкері өз кінәсін толығымен мойындады. Сосын соттан түрмеге отырғызбауды сұрады. Алайда судья ондай қылмыскерлерді тек қоғамнан оқшаулау арқылы ғана тәртіпке салуға болады деген шешімге келді.Ақтөбе қаласының соты үшеуін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сондай-ақ, оларға өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1270/33/12703380_278:0:1815:1153_1920x0_80_0_0_7b9d567099005c67bdd50762aa1b9a1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық
Антикордың үш қызметкері түрмеге қамалды
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері алаяқтық үшін сотталды. Үшеуі де түрмеге қамалды, деп хабарлайды
"Диапазон" басылымы.
Тергеу материалдарына сәйкес, жемқорлықпен күресіп жүрген қызметкерлерді Қарағанды мен Қызылорда облыстарынан Ақтөбе қаласына іссапармен жіберген. Олар сол жерде заңсыз табыс тауып қайтуды ойлаған. Алдымен куәгерлерді қылмыстық іс қозғаймыз деп қорқытқан. Одан кейін ақша талап еткен. Осылайша, 9 адамнан ақша алып жүрген. Ал алаяқтық фактісі анықталғаннан кейін өздері сот алдында жауап берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үш қызметкері өз кінәсін толығымен мойындады. Сосын соттан түрмеге отырғызбауды сұрады. Алайда судья ондай қылмыскерлерді тек қоғамнан оқшаулау арқылы ғана тәртіпке салуға болады деген шешімге келді.
Ақтөбе қаласының соты үшеуін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сондай-ақ, оларға өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.