"Ұлы дала жорығы" марафонының жеңімпаздары 24 млн теңге алды

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской области"Ұлы дала жорығы" бәйге-марафонының жеңімпаздары 24 млн теңге алды
Ұлы дала жорығы бәйге-марафонының жеңімпаздары 24 млн теңге алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесі мәреге жетті. 1200 шақырымды 11 күнде бағындырған батырларды Түркістан төрінде ел құрметпен қарсы алды.
Бәйгенің жеңімпазы атанған Маңғыстаудың "Көкмойнақ" командасына 24 миллион теңгенің сертификаты тапсырылды. Екінші орын алған Жетісу өңірінің "Жетісу" командасына 12 миллион теңге жүлде тарту етілді. Мәреге үшінші болып жеткен Түркістан облысының "Теріскей" командасының шабандоздары 9 миллион теңге сыйақыны қанжығасына байлады.
Жеңімпаздарды мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, "AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Болат Маханалин, Sportqory директоры Асхат Сейсембеков қарсы алып, сертификат пен медальды тарту етті.
"Түркістан арена" стадионында өткен жабылу Дәурен Абаев жобаның өміршең боларына сенім білдіріп, шабандоздардың ерлігін жоғары бағалады.
Салтанатты шарада сөз алған "AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов дала дәстүрі мен Ұлы көшпенділер мәдениеті қайта жаңғыруымен құттықтады.
"Ұлы дала жорығы" атты тұңғыш республикалық марафон-бәйге додасы 18 қыркүйекте елордамыздан басталды. 11 күн бойы Ұлы Даланы көктей өтіп, бүгін Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласына ат басын тіреді. Марафонға қатысушылар күллі қазақ тайпаларының басын қосып, таңбасын бөліскен Ұлытау жерінен өтті. Жошы хан мен Алаша хан кесенелеріне тағзым етті. Қазақ хандығының алғашқы астанасы Созақ қаласы мен қарт Қаратауды бойлай отырып, күллі түркі руханиятының бесігі Түркістан қаласына жетті. Киелі Даланың рухын сезінді. Жобаны ұйымдастырушылар мен додаға қатысушыларға алғысымыз шексіз. Ұлы даладағы жорығымыз жалғаса берсін!", – деді Асхат Раздықұлы.
Еске сала кетейік, мәдениет және спорт министрлігі және "The Great Steppe tour" қоғамдық қорының бастамасымен, "AMANAT" партиясының қолдауымен 18 қыркүйек күні Астана қаласында "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесі басталған болатын. Алғаш рет ұйымдастырылған аламанға еліміздің 19 аймағынан келген 19 команда қатысуға ниет білдірген. Шабандоздар 11 күн ішінде 1200 шақырымды артқа тастап, Түркістан қаласында жарысты аяқтады.
Жаңалықтар
0