Түркістан тұрғыны аяқ киім сатып аламын деп алданып қалды

© Photo : Pexels//pixabayТелефон
Телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Түркістан қаласында аяқ киім сатып аламын деп алданып қалған тұрғын полицияға арызданды, деп хабарлады Otyrar.kz.
Жәбірленуші әлеуметтік желідегі жарнама сайттарынан "аяқ киім сатамын" деген жарнаманы көріп, оған хабарласқан. Ал сатушы ұялы телефон арқылы жәбірленушінің әбден сеніміне кіріп, аяқ киімдерді сататын болып келіскен. Осылайша жалған жарнама берген жас қыз өзінің банкомат карточкасына ақшаны аудартып алған соң, телефонын мүлдем өшіріп тастаған.
Жәбірленушіге келген шығын – 100 мың теңге. Аталған жайт Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді.
Тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, нәтижесінде жас қыз анықталып, полицияға жеткізілді.
Ол жалған жарнама бергенін толық мойындап, жәбірленушіден алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергенін жеткізді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2022
Қоғам
Алматы тұрғындарына жоқ пәтерді жалға берген алаяқ ұсталды
Жаңалықтар
0