Төреғали Төреәлі қамауға алынды

© Photo : әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынанТөреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Әнші Төреғали Төрәлі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Күдікті Төреғали Төрәлі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол 28 қыркүйек күні Кеген ауданындағы Ұлттық парк аумағындағы бұзақылық фактісі бойынша ұсталды",- деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Рустам Әбдірахманов.
Күдікті Талғар ауданының полициясында қамауда отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының полициясы әнші Төреғали Төреәлінің гидті ұрып-соққаны туралы интернетте жарияланған жазбадан кейін іс қозғады.
Оқиға 28 қыркүйекте "Көлсай көлдері" ұлттық саябағының аумағында болған, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
"Құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді. Қазақстан заңнамасына сәйкес барлық қажетті сараптама жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайы анықталады", - деп хабарлады полиция.
Қылмыстық істің тергелу барысы мен нәтижесі Алматы облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жарияланған видеоның авторы әншінің гидті ұрып-соққанын айтқан болатын.
Жаңалықтар
0