https://sputnik.kz/20220930/toqaev-adamzatty-ymyraga-undep-qauipsizdik-pen-senimdi-kusheytuge-shaqyrdy-28071625.html
Тоқаев адамзатты ымыраға үндеп, қауіпсіздік пен сенімді күшейтуге шақырды
Тоқаев адамзатты ымыраға үндеп, қауіпсіздік пен сенімді күшейтуге шақырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан барлық тарапты ымыраға үндейді, қауіпсіздік пен сенімді күшейтуге шақырады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев... 30.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-30T11:58+0500
2022-09-30T11:58+0500
2022-09-30T12:09+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1e/28070553_0:64:1280:784_1920x0_80_0_0_977d112f1868f81f8c24cb636da4c5ae.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан барлық тарапты ымыраға үндейді, қауіпсіздік пен сенімді күшейтуге шақырады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапары барысында айтты."Еуразия құрлығының тура ортасында тұрып, ағымдағы халықаралық жағдай бойынша біздің ұстанымымыз туралы айтқым келеді. Бүгін әлемде бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс байқалып отыр, шарықтау шегіне жетті. Әлемнің әр жерінде саясаткерлер мен сарапшылар ядролық қарудың қолдану қаупі жайында айта бастады. Бұл – алаңдататын жағдай. Осы орайда Семей ядролық полигонындағы соңғы жарылыс 33 жыл бұрын болғанын еске салғым келеді. Осы аймақтың тұрғындары қырғи-қабақ соғыс кезіндегі ессіз ядролық қару-жарақ жарысының зардабын көрді", - деді Тоқаев.Президент осы ойын БҰҰ-ның мінберінен де айтқанын еске салды. Ал атом энергиясын адамзаттың игілігі үшін ғана қолдану қажет. Сондықтан Қазақстан барлық тарапты ымыраға үндейді, қауіпсіздік пен сенімді күшейтуге шақырады."Қазіргі дағдарыстың салдары барлық мемлекетке қатты тиюі мүмкін. Одан шығудың бір ғана жолы бар. Ол – адамзат болашағы үшін жалпыға ортақ жауапкершілікті сезіну, бәріміз үйренген халықаралық құқық қағидаларын сақтау және мемлекеттердің өзара мүдделерін құрметтеу. Өкінішке қарай, қазіргі геосаяси шиеленіс пен санкциялық текетірес мәдени салаға да кері әсерін тигізіп жатыр", - деп түйіндеді Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1e/28070553_76:0:1205:847_1920x0_80_0_0_2d0c37e1ce88ac4c011edffe60e963d6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев адамзатты ымыраға үндеп, қауіпсіздік пен сенімді күшейтуге шақырды
11:58 30.09.2022 (жаңартылды: 12:09 30.09.2022) АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан барлық тарапты ымыраға үндейді, қауіпсіздік пен сенімді күшейтуге шақырады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапары барысында айтты.
"Еуразия құрлығының тура ортасында тұрып, ағымдағы халықаралық жағдай бойынша біздің ұстанымымыз туралы айтқым келеді. Бүгін әлемде бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс байқалып отыр, шарықтау шегіне жетті. Әлемнің әр жерінде саясаткерлер мен сарапшылар ядролық қарудың қолдану қаупі жайында айта бастады. Бұл – алаңдататын жағдай. Осы орайда Семей ядролық полигонындағы соңғы жарылыс 33 жыл бұрын болғанын еске салғым келеді. Осы аймақтың тұрғындары қырғи-қабақ соғыс кезіндегі ессіз ядролық қару-жарақ жарысының зардабын көрді", - деді Тоқаев.
Президент осы ойын БҰҰ-ның мінберінен де айтқанын еске салды. Ал атом энергиясын адамзаттың игілігі үшін ғана қолдану қажет. Сондықтан Қазақстан барлық тарапты ымыраға үндейді, қауіпсіздік пен сенімді күшейтуге шақырады.
"Қазіргі дағдарыстың салдары барлық мемлекетке қатты тиюі мүмкін. Одан шығудың бір ғана жолы бар. Ол – адамзат болашағы үшін жалпыға ортақ жауапкершілікті сезіну, бәріміз үйренген халықаралық құқық қағидаларын сақтау және мемлекеттердің өзара мүдделерін құрметтеу. Өкінішке қарай, қазіргі геосаяси шиеленіс пен санкциялық текетірес мәдени салаға да кері әсерін тигізіп жатыр", - деп түйіндеді Тоқаев.