Экономика

Шетелдік инвесторларға үкімет тарапынан барлық жағдай жасалған – премьер-министр

© Photo : ҚР үкіметінің баспасөз қызметіПремьер-министр Әлихан Смайылов "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Премьер-министр Әлихан Смайылов Kazakh Invest ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиында компанияның даму жоспарын іске асыру нәтижелері және бірқатар ұйымдастырушылық мәселе қаралды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Премьер-министр шетелдік инвестициялар үшін жаһандық күрес жағдайында "Kazakh Invest" алдында Қазақстан экономикасына ірі корпорацияларды тарту және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.
"Бұл бағытта тиісті мүмкіндіктерді пайдаланып, шетелдік инвесторлармен проактивті түрде жұмыс жүргізу керек. Бұл үшін үкімет тарапынан барлық жағдай жасалған", — деді Әлихан Смайылов.
Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың айтуынша, былтыр компания даму көрсеткіштерін, оның ішінде қаржылық және инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі көрсеткіштерді орындаған.
Ал биыл "Kazakh Invest" қолдауымен жалпы сомасы 6 млрд доллардан асатын 45 жобаны іске асыру және пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар отырыста Қазақстанның 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясатының тұжырымдамасына сәйкестендіру үшін компанияның 2018-2027 жылдарға арналған даму стратегиясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды. Тұжырымдамаға сәйкес, жыл сайын шамамен 25 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция ағынын қамтамасыз ету көзделген.
Жаңалықтар
0