Қытай мен Қазақстан арасындағы шекара уақытша жабылады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2022
Жазылу
Мемлкеттік кірістер комитеті 1-3 қазан аралығынеда Қытай мемлекетімен арадағы шекара жабық болатынын хабарлады.

"Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін қазақ-қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайтынын хабарлайды", - делінген ақпаратта.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.
Ведомство, тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлау қажет екенін ескертті.
Жаңалықтар
0