https://sputnik.kz/20220930/endi-17-zheltoqsan-qazaqstan-zhumys-kuni-28077707.html
Енді 17 желтоқсан Қазақстанда жұмыс күні болады
Енді 17 желтоқсан Қазақстанда жұмыс күні болады
Sputnik Қазақстан
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін тек 16 желтоқсанда атап өтеді 30.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-30T13:56+0500
2022-09-30T13:56+0500
2022-09-30T13:56+0500
қоғам
тәуелсіздік күні
жұмыс
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0f/15207402_0:15:3591:2034_1920x0_80_0_0_8da013d8d88485048c823561dcae99ec.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда желтоқсан айындағы демалыс күндердің саны қысқарды.Нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңның жаңа редакциясы жарияланды.Оған сәйкес, енді қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін тек 16 желтоқсанда атап өтеді. Сәйкесінше, сол күні демалады. Ал 17 желтоқсан – жұмыс күні.Сондай-ақ Тәуелсіздік күні "ұлттық мереке" деген мәртебесінен айырылды. Бұдан былай ол мемлекеттік мереке саналады.Бұған дейін заң бойынша Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсан аталып өтетін.Сонымен қатар осы заңда 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Енді бұл күні демалыс болмайды.Бұдан бөлек, күнтізбеге 25 қазанда тойланатын ұлттық мейрам – Республика күні еніп отыр.Айта кетері, биыл ел халқы Республика күніне орай қатарынан үш күн – 23, 24 және 25 қазан демалады. Ал сенбі, 22 қазан жұмыс істейді.Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.
https://sputnik.kz/20220929/respublika-kuni-toylanady-prezident-zan-28040688.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0f/15207402_429:0:3160:2048_1920x0_80_0_0_a8808453dd6c95239e93db235e87f906.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәуелсіздік күні, жұмыс
Енді 17 желтоқсан Қазақстанда жұмыс күні болады
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін тек 16 желтоқсанда атап өтеді
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда желтоқсан айындағы демалыс күндердің саны қысқарды.
Нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңның
жаңа редакциясы жарияланды.Оған сәйкес, енді қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін тек 16 желтоқсанда атап өтеді. Сәйкесінше, сол күні демалады. Ал 17 желтоқсан – жұмыс күні.
Сондай-ақ Тәуелсіздік күні "ұлттық мереке" деген мәртебесінен айырылды. Бұдан былай ол мемлекеттік мереке саналады.
Бұған дейін заң бойынша Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсан аталып өтетін.
Сонымен қатар осы заңда 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Енді бұл күні демалыс болмайды.
Бұдан бөлек, күнтізбеге 25 қазанда тойланатын ұлттық мейрам – Республика күні еніп отыр.
Айта кетері, биыл ел халқы Республика күніне орай қатарынан үш күн – 23, 24 және 25 қазан демалады. Ал сенбі, 22 қазан жұмыс істейді.
Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.